Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
185
• студенттер мен оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстары-
на қатысады;
• студенттерге лайықты түрде академиялық қолдау қызмет-
тері ұсынылады;
• одан әрі жетілдірілуі қажет және жақсы тәжірибесі бар са-
лалар анықталады.
БЖМ үрдісі тәрізді мерзімдік бағалау да сапа циклінің ажы-
рамас бөлігі болып табылады және мынадай кезеңдерден тұрады
(19-суретті қараңыз):
1. Дайындық
кезеңі мерзімдерді белгілеу, өзін-өзі бағалау-
ды жүргізу бойынша топ құру, сараптау комиссиясының
мүшелерін іріктеу және міндеттерді
бөліп беру жөніндегі
іс-әрекеттерді қамтиды. МБ комиссиясының құрамында са-
рапшылар мен студенттердің өкілдері болуы тиіс. Кез кел-
ген шиеленісті мәселелердің алдын алу қажет.
2. Өзін-өзі бағалау бойынша берілетін есеп бұрынғы өткен
БЖМ-не жасалған шолуды және алдыңғы МБ ұсыныстарын,
білім беру мен ғылыми жұмыстар жөніндегі пайымдаулар-
ды, сондай-ақ келесі МБ-ға арналған іс-қимыл жоспарын
қамтуы мүмкін.
3. Кафедраға барған кезде (1-2 апта) комиссия мүшелері
білім беру бағдарламасына,
оқыту барысына, білім беру
мен бағалауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу
мүмкіндіктеріне, студенттерді
қолдауға және білім беру
үдерісінің басқа да аспектілеріне ерекше назар аудара оты-
рып, құжаттарды қарайды әрі оқытушылармен және сту-
денттермен кездеседі.
4. Комиссияның жасаған шолуы негізінде бағдарламаны одан
әрі жетілдіру үшін есеп пен ұсыныстар дайындайды. МБ-
дан өткен кафедра есепті талқылайды және берілген ұсы-
ныстарға жауап ретінде іс-әрекет жоспарын дайындайды.
5. Іс-әрекет жоспарын іске асыру барысындағы ілгерілеу БЖБ
шеңберінде қадағаланады деп болжануда.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
186
Достарыңызбен бөлісу: