Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет118/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   135
8. Кәсіби тұрғыда дамуы
Онлайн-сабақтарды өткізуге қаты-
сатын оқытушыларға төмендегі салалар бойынша білімі мен дағ-
дыларын кеңейту/арттыру үшін кәсіби тұрғыда даму мүмкіндік-
терін үнемі ұсынып отыру қажет:
• цифрлық оқу материалдарының дизайны;
• технологиялық дамудың заманауи беталысы;
• педагогикалық стратегиялар;
• онлайн-оқыту форматында оқыту нәтижелерін бағалау;
• студенттердің өзара бірлесіп оқу әрекеттерін, сабақтарын, 
тапсырмаларын және жұмыс жүктемесін жоспарлау.
9. Үнемі жақсартып отыру.
Жоғары оқу орындары сапа кепіл-
дігіне және сапа стандарттарын сақтауға баса назар аударып қана 
қоймай, өзіне-өзі тұрақты түрде талдау жасау және бақылау жүр-
гізу арқылы онлайн-оқытудың сапасын арттыруға ұмтылуы тиіс. 
Онлайн курстардың СҚА үрдісі әдеттегі курстармен бірдей қағида-
лар мен институционалдық үрдістерді ұстанады. Онлайн курстар, 
технологиялық құралдар және оқу материалдары үнемі жаңар-
тылып, қызығушылық білдірген тараптардың пікірлері негізінде 
тексеріліп, сәйкесінше өзгертіліп отыруы керек.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
206
COVID-19 вирусы онлайн оқытудың дамуына ықпал етті. Ол қолданы-
стағы институционалдық құрылымдар мен процедураларды өзгертті, жақсар-
тылуы қажет бағыттарды анықтады және алғашқы сәтсіздіктер мен жетістік-
терге қатысты баға жетпес тәжірибе әкелді. НУ-дың инновациялық оқыту 
және білім беру стратегиясы университеттің аралас және онлайн оқытуды 
қоса алғанда, оқытудың инновациялық әдістерін қолданатынын растайды. 
НУ-дың инновациялық оқыту орталығы курстарға жетілдірілген цифрлық 
білім беру құралдарын, қосымшаларды, жоғары сапалы мультимедиялық ма-
териалдарды және интерактивті оқулықтарды енгізу жөніндегі оқытушылар-
дың бастамаларын қолдауға баса назар аударады
145
. НУ оқытушылары бейне- 
және аудиоматериалдар әзірлеу арқылы өздерінің курстарының мазмұнын 
байыта түсу үшін НУ электронды оқыту студиясының графикалық дизай-
нерімен бірлесе жұмыс істейді.
Ректор кеңсесі кәсіби даму мүмкіндіктерін және технологияларды пай-
далану мен алуан түрлі ақпараттық ресурстарды әзірлеу арқылы оқыту бой-
ынша жеке сабақтарын ұсына отырып, тұрақты түрде қолдау көрсетіп оты-
рады. Онлайн-курстар өткізу бойынша оқытушыларға ұсынылған кеңестер 
білім алушыларды қашықтықтан оқытуға біртіндеп көшуді қамтамасыз ету 
үшін әзірленді. Сонымен қатар жоғары сапа стандарттары мен оңтайлы оқыту 
тәжірибесін қамтамасыз ету үшін НУ-дың онлайн-курстарына арналған сапа-
ны қамтамасыз етуді тексеретін тізім жасалды. Алайда бұл – онлайн-оқытуды, 
аралас оқытуды және технологиялармен байытылған оқытуды дамытудағы 
алғашқы қадамдар ғана. Ол білім беру бағдарламаларын жыл сайынғы бақы-
лау кезінде білім беру сапасын арттырудың бір саласы ретінде анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет