Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
200
ды сапаны жақсарту ісіне араласуға тарту үшін
қолайлы
жағдай жасауға жауапты болады. Мейірімділікке толы, ша-
быттандыратын және үлестірілген көшбасшылық жалпы
қызығушылықтың туындауына ықпал етеді
3. Құрылымдар.
Университеттер мәнмәтінге байланысты СҚА
үрдістерін басқаруды орталықсыздандыру
дәрежесі туралы
шешім қабылдауы қажет. СҚА-дың орталықтандырылған
үрдістері университет шеңберінде неғұрлым келісілген
тәсілді қамтамасыз етсе, орталықсыздандыру СҚА үрдістері-
не қоғамдастықтың әлдеқайда көбірек араласуына әкеледі.
Ақылға қонымды тепе-теңдікті қамтамасыз ету өте маңызды.
4. Байланыс және өзара әрекеттесу.
Студенттерді қоса
алғанда, сыртқы және ішкі
стейкхолдерлерді СҚА бойын-
ша шығарылған шешімдерді талқылап, қабылдауға қаты-
стыру сапа мәдениетіне қолдау көрсетуге көмектеседі. Өза-
ра сенімге, құрметке, тәжірибе алмасуға және айтылатын
сынға дайын болуға негізделген ынтымақтастық сапа мәде-
ниетінің ортақ құндылықтары болып табылады.
5. Бақылау (мониторинг).
Тұрақты бақылау жүргізу тек қа-
дағалап отыратын немесе бюрократиялық механизм емес,
сапаны арттырудың тұрақты тәжірибесі болуы керек. Мо-
ниторинг
шешім қабылдауға жәрдемдесетін, ақпараттан-
дыратын, қызықтыратын және белсенді болуы қажет. Ол
бағалау стандарттарына қарапайым түрде сәйкестік болу
керек деген шектен тыс болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: