Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Қазіргі қоғамды демократияландыру қарқыны арта



Pdf көрінісі
бет14/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   135
Қазіргі қоғамды демократияландыру қарқыны арта 
түсетін болады, бірақ жаһандық деңгейде жағдайдың керісінше 
дамуы да мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Білім беруде 
демократияландыру интеграцияға және әлі де қолайсыз жағдайда 
қалған топтардың – білім алуға мүмкіндігі шектеулі адамдардың, 
қарттардың, мигранттар мен мүгедектердің жоғары әлеуметтік 
тұрғыда қатысуын ынталандыруға бағытталған. Гендерлік мәселе-
лерді есепке алу ұлттық деңгейдегі әлеуметтік саясат пен жоғары 
білім беру саласындағы халықаралық саясаттың бір міндеті ретінде 
қаралуы тиіс. Өйткені соңғы онжылдықта білім беру аясын кеңей-
туде әйелдер қауымы өз мойнына өлшеусіз көп жауапкершілік алу-
да, алайда білімділігі бойынша мүмкіндіктерді салыстырған кезде 
әйелдер артта қалады.
Өсіп келе жатқан бәсекелестік пен қарқынды технологи-
ялық ілгерілеу неғұрлым тұрақсыз әрі кездейсоқ еңбек нарығы-
на, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы түрлі жағдайларға 
алып келеді. Бір жағынан, жұмыста біліктілігі жоғары мамандар-
дың үлес салмағы одан әрі артады; екінші жағынан, еңбек неғұр-
лым жекеленіп (дараланып), икемді болады және жұмыстың әл-
деқайда бөлшектенген жайы мен өмір сүру дағдыларын өзгерте 
отырып, синхронды түрде оқуға жол ашады. Адамдар үздіксіз білім 
алуды жалғастыра отырып, жұмыстарын, отбасылық демалыста-
рын, лауазымдарын, жұмыс істейтін салаларын және жұмыс орын-
дарын жиі ауыстырады.
«Сұйық» (икемді) жұмыс күші: бұл жұмыс күшінің өзін-өзі 
жетілдіріп, қажетті дағдыларды игере отырып, еңбек нарығының 
қажеттіліктеріне бейімделу қабілетін арттыруға септеседі. Со-


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
23
нымен қатар ол дағдылар мен жұмыс қажеттіліктеріне сәйкес жұ-
мысын ауыстыруға қажетті икемділік мәдениетін құруы қажет.
Сонымен, роботтар мен зияткерлік автоматтандыруды қолда-
нуға көшу енді таңдау болып табылмайды деп айтуға да болады 
және оларға деген тәуелділіктің артуы төртінші өнеркәсіптік төң-
керістің басты белгілерінің біріне айналды. Бұл оларды пайдала-
нуды ғана емес, сонымен бірге экономиканың барлық саласында 
жұмыс істету үшін қажетті дағдылары мен ептіліктің болуын және 
бизнесті дамытып, өнімділікті арттыруда олардың артықшылықта-
рынан пайда көруді талап етеді. Сондай-ақ еңбек нарығына лай-
ықты дайындық кезінде адам мен мәшине арасындағы тиімді 
үйлесімділікке қол жеткізу үшін осы енгізілген жаңалықтардың 
жағымсыз салдарын және цифрлық төңкерісті ескере отырып, аза-
маттарды ертеңгі күннің жұмысын орындауға даярлауды назарда 
ұстауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет