Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Әлеуметтік жауапкершілік пен білім берудегі өзгерістер



Pdf көрінісі
бет12/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Әлеуметтік жауапкершілік пен білім берудегі өзгерістер. 
Жоғары оқу орындарының жұмыстары өзекті болуы тиіс. Олардың 
істеп жатқан жұмыстары мен нәтижелеріне қоғам үшін атқарылған 
қызмет ретінде қарау керек; олардың зерттеулері әлеуметтік қа-
жеттіліктерді алдын-ала біліп отыруы керек және зерттеу нәтиже-
лері сәйкесінше білім беру тетіктері арқылы қоғамға тиімді түрде 
беріліп отыруы қажет. Жоғары оқу орындарының әлеуметтік жау-
апкершілігін дамыту тұрғысында Біріккен Ұлттар Ұйымы өз уни-
верситетінің моделін – БҰҰ университетін ұсынады
14
. Бұл универ-
ситет жоғары білім беруде әлеуметтік жауапкершілікті жергілікті 
деңгейде де, жаһандық деңгейде де алға жылжыту мақсатында 
жұмыс істейді. БҰҰ университетінің мазмұны әлеуметтік жауап-
кершілік деңгейі жоғары болатын университеттің үш негізгі функ-
циясы арқылы көрініс табады: «(а) өмір сүрудің, дамудың және 
ауқаттылықтың өзекті жаһандық мәселелеріне назар аударатын 
пәнаралық зерттеу мекемесі; (b) зерттеу нәтижелерін БҰҰ жүйесі 
мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін саяси ұсыныстарға айналдыру 
тапсырылған талдау орталығы және (c) дамушы елдерде әлеуетті 
құруға ерекше назар аудара отырып, дипломнан кейінгі оқыту мен 
әлеуетті дамытуды ұйымдастыру» (Малон Д .2017, 33-б.)
15
.
Жоғары білім беру жүйесіндегі орта және ұзақ мерзімді
өзгерістер
Білімді өндіру және беру жолдарындағы жаңа құрылымдық 
жоғары оқу орындары қоғамда күнделікті туып жатқан теориялық 
мәселелердің үдесінен шығуға мүмкіндік беруі тиіс. Олар әлеумет-
тік өзгерістерді күн ілгері болжай отырып, өздерінің кейінгі сұхбат-
тың қатысушылары ретіндегі рөлдеріне толығымен сәйкес келеді. 
Келесі үрдістер орта және ұзақ мерзімді болашақта универси-
теттерге әсер етуі мүмкін:
14
Организация Объединенных Наций. (2010). Университет ООН. https://www.un.org/ru/ga/unu/
15
Malone, D. (2017). UNU’s Introduction: Harnessing Research for Social Responsibility. In Global University 
Network for Innovation. Higher Education in the World 6. Towards a Socially Responsible University: 
Balancing the Global and the Local. http://www.guninetwork.org/report/higher-education-world-6


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет