Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
55
Бүгінгі және болашақтың жоғары оқу орындары көбінесе Z ұр-
пақпен жұмыс істейді. Бірақ оларға алдыңғы буын өкілдері сабақ
береді. Сондықтан құндылықтарды зерттеу ұрпақтар арасындағы
байланысты реттеу үшін де маңызды.
Мысалы АҚШ халқының
52%-ын; Үндістан халқының 60%-ын миллениалдар құрайды.
39
Тағы бір себеп – еңбек нарығында, I және II тарауларда ай-
тылғандай, елеулі өзгерістер орын алуда. Сондықтан жоғары оқу
орындарының түлектері жағдайға бейімделгіш болуы керек. Өй-
ткені оларға алдыңғы және кейінгі ұрпақпен жұмыс істеуге тура
келеді.
Келесі фактор – алдыңғы ұрпақтардың белгілі бір құндылықта-
рының берілуі адамның ғаламторда тұлғасыздануының артуына,
оның технологиямен үйлесуіне, жасанды интеллект пен оның
туындыларының Z ұрпақ адамдарымен қарым-қатынасының да-
муына байланысты өзекті болады.
Құндылықтар идеологиялық рөл де атқарады.
Өйткені олар
мемлекеттің тұрақты дамуы мен өміршеңдігін қамтамасыз етеді.
Сондықтан университетке түсер алдында студенттердің бойы-
на құндылық бағдарларын сіңіру түлектердің
• моральдық тұрғыдан сау адам болуы үшін;
• жасанды интеллект пен оның туындыларының әсерін, өсіп
келе жатқан технологиялар мен ақпарат әлемінде бағдар-
лай білуі үшін;
• құндылығы көп қоғамда жұмыс істеуге бейім болуы үшін;
• мемлекеттің өміршеңдігі мен тұрақтылығын қамтамасыз
етуі үшін маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: