Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


I Т А Р А У Білім берудің жаһандануы



Pdf көрінісі
бет6/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
I Т А Р А У
Білім берудің жаһандануы 
кеңістігінде жоғары оқу 
орындарының өзгеруі


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
11
Шолу 
Бұл тарауда 4.0 Индустриясының басталуына байланысты 
еңбек және адамдарды жұмыспен қамтуға қатысты орын алған 
түбегейлі өзгерістер қарастырылады. Ғаламтордың және жаппай 
автоматтандырудың ілеспе технологияларының қарқынды тара-
луы жаңа өнеркәсіптік төңкеріс қоғамында орын алған алдыңғы 
өзгерістерге қарағанда жұмыс орындарын едәуір аз дәрежеде 
құруға ықпал етеді. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникаци-
ялық технологиялардың ерекшеліктері адамға өзінің бар уақы-
тын жұмыс уақытына айналдыруға мүмкіндік береді. Тарау 2 
бөлімнен тұрады. Ең алдымен біз 4.0 Индустриясы мәнмәтінін-
де университеттің үлгілерін дамыту бойынша пікірталас ұсына-
мыз. Содан кейін болашақта қоғам ішіндегі теңсіздіктің артуы, 
сондай-ақ дамыған және дамушы әлем арасындағы аймақтық ал-
шақтықтың артуы тұрғысынан 4.0 Индустриясы дамуының ықти-
мал нәтижелерін талдаймыз.
Тар шеңберлі салалық кәсіби мамандардың дәуірі өткен кезең-
де қалып барады. Болашақтың мінсіз қызметкері – кез келген жаңа 
нәрсеге тез бейімделетін, көбінесе бір-біріне мүлде ұқсамайтын 
салалардың құзыреттерін біріктіре алатын шығармашылық тұлға.
Өкінішке орай көптеген мекемелер цифрлық өзгерістердің 
қашып құтыла алмайтын және қайтымсыз үрдісі барысында бір-
шама қиындықтарға тап болып отыр. Өйткені олар өздерінің қыз-
меткерлерін, дағдыларын (білімін) және ұйымдастырушылық мә-
дениетін өзгерте алмауда.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
12
Білім беру жүйесіне де өзгерістер енуде: әлемнің жетекші уни-
верситеттері жылдам өзгеретін технологияларды қолданып үлгеру 
үшін оқытудың әртүрлі үлгілерін қатар пайдалануға тырысуда. Әр 
адамның білімі дербестендіріліп, сәнге айналуда, бұл ақпараттың 
негізгі ресурс ретіндегі рөлінің артуымен қатар болашақта үлкен 
нәтижеге жеткізеді.
Технологияның конвергенциясына негізделген жаңа өнер-
кәсіптік төңкеріс неғұрлым инклюзивті және гуманистік қоғам 
құру үшін қолдануға болатын өзгерістердің мықты әлеуетіне ие. 
Бұл мемлекеттің, бизнес пен қоғамның бірлескен күш-жігерін, 
технологияларды халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың негізі 
ретінде пайдаланатын бағдарламаларды іске қосуды талап етеді. 
Онсыз өнеркәсіпті дамытудың кезекті кезеңі жаппай технологи-
ялық жұмыссыздыққа, теңсіздіктің күрт өсуіне әкеледі. Бұл тұрғы-
дан келгенде, жоғары оқу орындары аса жауапкершілік танытып, 
қоғам мен жарқын болашаққа арналған университет болуда – 4.0 
Миссиясын іске асыруда өзінің тарихи рөлін атқаруы тиіс. 
Ла Тробе Университетінің Президенті (Австралия) Джон Де-
вар
5
«4.0 Университеті» ұғымына төмендегідей егжей-тегжейлі 
анықтама береді:
«Біріншіден, университеттер білім беру қызметтерін белгілі 
бір сұраныс негізінде бірнеше оқыту әдістері арқылы осы әді-
стердің арасында бірінен-біріне баяу ауыса отырып ұсынады. 
Екіншіден, біліктіліктің ұсынылатын жалғыз үлгісі ретінде ака-
демиялық дәрежелерден дәрежелердің неғұрлым аралас ұсыны-
старына және біліктіліктер мен сертификаттаудың неғұрлым 
қысқа цикліне көшу орын алады. Үшіншіден, студенттердің 
қызметтегі мансабын басқаруға университет қабырғасында 
да, түлек болып бітіріп кеткеннен кейін де неғұрлым көбірек 
көңіл бөлінетін болады. Бұл «мансап құру бойынша кеңес бе-
рудің» дәстүрлі үлгісінің шегінен шығып, ғұмыр бойы істеген 
жұмыстарының барысында университеттегі стандартты білік-
тілігін «жоғарылату» мүмкіндігі сияқты тұстарын қамтиды. 
5
Dewar, J. (2017). University 4.0: Redefining the Role of Universities in the Modern Era. Retrieved 
from: https://www.thehighereducationreview.com/magazine/university-40-redefining-the-role-of-
universities-in-the-modern-era-SUPG758722027.html


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
13
Соңында университеттер өнеркәсіппен бірлесе отырып, үй-
лестірудің және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығының, сон-
дай-ақ жас кәсіпкерлер мен әлеуетті тәлімгерлер, қолдаушы-
лар мен демеушілер арасындағы қарым-қатынастың делдалы 
ретіндегі табиғи (нақты) алаңға айналады».
Жоғары білім корпоративті мәдениет арқылы жұмыс орнынан 
бастап ресурстарға дейінгі жұмыс болашағының барлық элемент-
тері бір-бірін толықтырып тұратындай білім беру бағдарламала-
рын және оқыту тәсілдерін ұсынуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет