Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет5/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

К І Р І С П Е


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
8
Сонымен бірге білім экономикасы ұлттық жоғары білім беру 
жүйелерінің бәсекеге түсе алуына жағдай жасайды (Stromquist & 
Monkman, 2014)
4
. Отандық жоғары оқу орындарының алдында 
жергілікті нарықта да, әлемдік қоғамдастық деңгейінде де сұра-
нысқа ие бола алатындай білім беру қызметтері мен ғылыми өнім-
дерді ұсыну міндеті тұр. Осыған орай Мартин Карной «жаһандану 
жағдайында мемлекеттерге білім берумен айналысуды талап ететін 
қысым күшейеді. Жаһанданудың халықаралық экономикаға неғұр-
лым тығыз байланған елдер арасындағы бәсекелестіктің күшеюі, 
жылдам коммуникация мен компьютерлік технологиялар, сон-
дай-ақ аймақтық немесе ұлттық тұрғыдан емес, барынша жаһан-
дыққа айналып жатқан бизнестің ойлау тәсілі есебінен тұрақты 
түрде артып келе жатқан бәсекелестік» екенін айтады (Carnoy, 
2016, 28-б.).
Бұл кітапта біз жоғары білім берудің заманауи рөлі туралы 
пікірталас жасауға және Назарбаев Университетінің тәжірибесіне 
негізделген жоғары білім берудің басты аспектілерін жақсартудың 
кеңес, ұсыныстарын беруге тырыстық. 1-тарауда жоғары білім бе-
руге енгізілген өзгерістердің мәні ашылып, университеттердің за-
манауи үлгілері талқыланады және әлемдегі білім беру теңсіздігі 
мәселелері қозғалады. 2-тарауда «білім беру құндылықтары», «жал-
пы құзыреттілік» және «негізгі құзыреттілік» ұғымдары анықтала-
ды. Аталған терминдерге жоғары білім беру тұрғысынан әдебиет 
мәнмәтінінде талдау жасалады және олардың «ХХІ ғасырдың дағ-
дылары мен құзыреттері» (ЭЫДҰ, 2018) ұғымымен байланысы кел-
тіріледі. 3-тарауда қазіргі кездегі халықаралық университеттердегі 
білім беру бағдарламалары мен курстарын әзірлеудің негізі болып 
табылатын стратегиялық аспектілер, тұжырымдамалар және негіз-
гі қағидаттар ұсынылады. 4-тарауда заманауи университеттерде-
гі озық тәжірибеге негізделген бағалау тәсілдері қарастырылады. 
5-тарауда бағдарламалар мен курстарды әзірлеу кезінде қолда-
нуға болатын оқыту мен білім беру стратегиялары қарастырыла-
ды. Аталмыш тарауда жоғары мектептегі білім берудің таңдаулы 
тәсілдері мен заманауи әдістеріне ерекше назар аудара отырып
4
Stromquist N. P. & Monkman, K. (2014). Defining Globalization and Assessing its Implications for 
Knowledge and Education Revisited. In N. P. Stromquist & K. Monkman. (Eds.), 
Globalization and Education: 
Integration and Contestation across Cultures.
Lanham, MD: R&L Education


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
9
ең алдымен оқу және білім берудің мәселелерін курс деңгейінде 
қарастырамыз. 6-тарау жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз 
ету және арттыру мәселелеріне арналады. Біз Назарбаев Универ-
ситетінде білім беру сапасын қамтамасыз ету және арттыру жүй-
есін құрудағы өз тәжірибемізбен бөлісеміз, осы үдеріс барысында 
қол жеткізген жетістігіміз бен тәжірибеміз туралы айтамыз. 7-та-
рау білім беру бағдарламасын басқару үдерістерін талқылайды. 
Бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және тұрақты бақылау жүргізу 
мен жақсартуды қоса алғанда білім беру бағдарламаларын басқару 
үдерістерінің негізгі компоненттері, сондай-ақ сапаны қамтамасыз 
етіп, арттырудың ішкі жүйесінің маңызды бөліктерін де құрайды.
Жалпы, кітаптың мазмұны жоғары білімнің теориялық және 
тәжірибелік қырларын біріктіреді. Тәжірибеге бағдарланған та-
раулар (3-7-тараулар) Назарбаев Университетінің инновациялық 
тәжірибесін ұсынады. Тараулардың мазмұны білім беру бағдар-
ламаларының түрлі аспектілерін ұйымдастырып әзірлеудің, білім 
беру барысы мен бағалауды ұйымдастырудың нақты мысалдары-
на, сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету мен арттыру жөніндегі ұсы-
нымдарға негізделген.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет