Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет8/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

«1.0 Университеті»: білім беру қызметін жүзеге асыратын 
қоғамдық институт. Ол білім таратуға, студенттердің талантта-
рын дамытуға, мамандарды даярлауға (экономиканың дәстүрлі 
салаларына бағытталған) тиімді әлеуметтік көпір ретінде әрекет 
етуге қабілетті.
6
Geiger, R. L. (2006). The Quest for ‘Economic Relevance’by US Research Universities. Higher 
Education Policy, 19(4), 411-431
7
Kretz, A., & Sá, C. (2013). Third Stream, Fourth Mission: Perspectives on University Engagement 
with Economic Relevance. Higher Education Policy, 26(4), 497-506
8
Barnett, R. (2018). The Ecological University: A Feasible Utopia. New York: Routledge
9
М.И. Барабанова, В.В. Трофимов, Е.В. Трофимова (2018). Управление социальным разви-
тием общества и сферой образования. Журнал правовых и экономических исследований, 1, 
178–184. http://giefjournal.ru/sites/default/files/030._6.pdf


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
15
«2.0 Университеті»: білім берумен қатар, зерттеу жұмыстарын 
да тең дәрежеде жүзеге асыратын қоғамдық институт. Гумбольдт 
университеті рухындағы классикалық университет: зерттеу жұмы-
стары арқылы жаңа білім беруге (іздеуге) қабілетті; консалтингтік 
қызмет көрсету орталығы ретінде нарық ойыншылары үшін құ-
зыреттілікке ие; индустрияның тапсырыстары бойынша ғылыми 
зерттеулер жүргізеді, серіктестердің тапсырысымен технологиялар 
әзірлейді, зияткерлік меншікті басқара алмайды; ҒЗТҚЖ (ғылы-
ми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) аясында 
білімді коммерцияландыруға қабілетті.
«3.0 Университеті»: білім беру және зерттеу жұмыстарымен 
қатар технологиялар ауысымы, оларды тұтынушыларға жеткізу 
қызметтерін іске асыратын қоғамдық институт. «3.0 Университеті-
не» технологияларды коммерцияландырудың тиімді үдерісі жүреді 
(оның ішінде университеттің зияткерлік жеке меншігімен жұмыс 
істеудің жан-жақты пысықталған (өңделген) саясаты есебінен), 
онда кәсіпкерлік мәдениет дамыған, технологиялық стартаптар 
жасалады, университеттің атына патенттер тіркеледі (оны бұдан 
әрі серіктестерге сатуға болады немесе лицензиялық шарттар не-
гізінде жекелеген құқықтар беріледі), университет бизнес-қоғамда-
стық өкілдерімен тиімді сұхбат жүргізе алады (нарық сұраныста-
рына сәйкес келетін жаңа мамандарды даярлап шығаруға қатысты 
берілген өтінімдерге тез арада жауап қайтарады, индустрия өкіл-
дерін қызықтыратын салаларда зерттеулер жүргізеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет