Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Университеттер моделдерінің трансформациясы



Pdf көрінісі
бет7/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135
1.1 Университеттер моделдерінің трансформациясы
Соңғы онжылдықта цифрлық технологиялар мен интернеттің 
әсерінен орын алған білім беру мен оқыту тәсілдері арқылы беріл-
ген білім мен оқытуға түбегейлі көшудің мәнмәтінінде, егер уни-
верситеттер олардың ХХІ ғасырда өзекті болып қалғанын қаласа, 
онда жаңа әдістер мен стратегиялар жасауы керектігі өте маңыз-
ды. Инновация, білімге қол жетімділік, тұрақтылық, сапа, әртүр-
лілік, азаматтық, жаңа серіктестік қарым-қатынастар, зерттеулер 
мен қаржыландыру сияқты мәселелер университеттің болашағын 
немесе болашақ университетті жоспарлауда есепке алатын басты 
құраушы негіз болды. Бұл жағынан енді университеттер білімге 
қол жеткізуге болатын және оқуға мүмкіндік беретін жалғыз меке-
ме болып табылмайды. Оқу кеңістіктерін және ашық оқу ресурста-
рын құруға көптеген басқа да ұйымдар белсенді қатысатын болады 
(мысалы қауымдастықтарды дамыту жөніндегі ҮЕҰ, салалық оқу 
орталықтары және т.б.). Университеттерді басқарудың дәстүрлі 
әдісі біртіндеп ескіре бастайды.
Қазіргі таңда университеттер экономикаға білімділік, иннова-
ция және технология үстеу үрдісінің маңызды қатысушысы болып 
саналады. Олар заманауи сынақ-қауіптер мен трендтерге сапа-
лы, тұрақты және әділ білім берудің жаңа жүйесінің негізін қалау 
арқылы жауап беретіндей болуы тиіс. Жаңа жұмыс тәртібінің
жаһанданудың және қарқынды технологиялық өзгерістердің әсері-
нен туындаған түбегейлі өзгерістер университеттерді өз студент-


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
14
тері, жалпы қоғам алдындағы рөлі мен құндылықтарын қайта қа-
рауға мәжбүр етеді.
Қоғам сұраныстарына жауап ретінде тиісті үлес қосу қажет-
тілігі университеттердің төртінші миссиясын кеңейтіп, тереңде-
туге әкелді (Geiger, 2006
6
; Kretz & Sá, 2013
7
). Сондықтан ғылыми 
орта мен қоғам арасындағы байланысты нығайту үшін көп қырлы 
іс-шаралар кешені енгізілді.
Университеттің төрт моделінің жіктелуінің негізін қалаушы 
Рональд Барнетт
8
айтқандай, ол бірқатар экожүйелермен, атап ай-
тқанда білім, әлеуметтік институттар, адамдар, экономика, оқыту, 
мәдениет және табиғи ортамен өзара байланыста болады. Универ-
ситеттің аталған жеті экожүйесі өте нәзік келеді және оларды алға 
жылжытып, дамыту үшін университеттер олардың әрқайсысымен 
тығыз әрекет жасауы керек. Тиісінше, төртінші миссия «4.0 Уни-
верситеті» моделін қалыптастыру мен дамытуға себепші болды. 
Аталмыш модель университетті өзіне назар аударудан гөрі «басқа-
ларға пайдалы болу» моделіне көшуге ойыстырады. Университет 
жастарды инновациялық экономикадағы кең ауқымды рөлдерге 
дайындап қана қоймайды: оның ең ірі миссиясы – «болашақты 
болжау және ойластыру».
Бұл анықтаманың мағынасын жан-жақты түсіну үшін универ-
ситеттердің қолданыстағы барлық басқа да модельдерінің маңыз-
дылығын айқындау керек
9
:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет