Төңкерілген оқыту (Flipped Learning): Назарбаев Университетінің мысалы Дәстүрлі дәріс оқудан төңкерілген оқыту режиміне ауысуды студент-
тердің саны өсіп келе жатқан бағдарламалар үшін тартымды нұсқа және бірне-
ше оқытушы сабақ беретін курстарда белгілі бір оқыту тәсілін қолданудың рет-
тілігін сақтауға ұмтылу ретінде қарастыруға болады. Компьютерлік ғылымдар
бойынша кіріспе курсын оқытудағы Назарбаев Университетінің тәжірибесіне
жүргізілген ұзақ уақыт бойғы бақылау студенттердің төңкерілген оқуға дейін
және одан кейінгі оқу үлгерімін жақсартуда аздаған айырмашылық бар екенін
көрсетті (Тайлер және Ессенбаева, 2019)
108
. Сонымен қатар кейбір студент-
тер жазылған бейнематериалдар мен негізгі оқу мәтіндеріне қосымша сабақ
ретінде қарау дағдысын қалыптастырды. Төңкерілген оқыту жағдайын сту-
денттер курс бойынша қойылған бағасы тек сыныпта орындаған тапсырма-
ларды ғана есепке алғандай болып қабылдады (Құмалақов, 2017)
109
. Дегенмен
студенттердің айтқан жақсы пікірлері тұтастай алғанда білім алушылардың
оқу үдерісіне қатысуының жоғары деңгейде болғанын көрсеткенін атап айта
кеткен жөн (Тайлер және Абдрахманова, 2016)
110
.
108
Tyler, B., & Yessenbayeva, A. (2019). A cComparison of Flipped Programming Classroom Models - Results
by Gender and Major. In Frontiers in Education: Fostering Innovation Through Diversity, FIE 2018 - Conference Proceedings [8658809] (Proceedings - Frontiers in Education Conference, FIE; Vol. 2018-October). Institute
of Electrical and Electronics Engineers Inc.. https://doi.org/10.1109/FIE.2018.8658809
109
Kumalakov, B. (2017). From Sceptic to Changing Teaching and Learning at Nazarbayev University.
https://www.heacademy.ac.uk/blog/sceptic-changing-teaching-and-learning-nazarbayev-university
Online, retrieved on 20 April 2020
110
Tyler, B., & Abdrakhmanova, M. (2016). Flipping the CS1 and CS2 classrooms in Central Asia. In FIE 2016 - Frontiers in Education 2016: The Crossroads of Engineering and Business (Vol. 2016-November). [7757739]
Institute of Electrical and Electronics Engineers Inc. https://doi.org/10.1109/FIE.2016.7757739
нологиясының негізгі мақсаттарының бірі – студенттер бірлескен
іс-шараларға, яғни өзара оқытуға және қиындықтар тұрғысынан
оқытуға қатысқан кезде пассивті оқуды болдырмау және белсенді
оқытуды арттыру болып табылады. Бұл тұрғыда оқытушының рөлі
студенттерге өз оқуын өзі басқаруға мүмкіндік беретін фасилита-
торға және жаттықтырушыға ауысады. Ақпараттық технология-
ларды пайдалану төңкерілген оқыту үрдісін одан әрі жетілдіреді
және ХХІ ғасырда оқу үшін қажетті дағдыларды (мысалы цифрлық
сауаттылық) дамытуға ықпал етеді. Озық технологиялар мен оқы-
ту теорияларының үйлесімі төңкерілген оқытуға аралас оқыту са-
ласына маңызды қосымша болуға мүмкіндік берді.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
152