Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
166
7. Студенттерді оқу үрдісіне барынша тарту үшін білім беру
мен оқытудың қандай әдістерін қолданасыз?
8. Сіздің курсыңызда білім алушылардың өздерінің оқуына
рефлексия жасау мүмкіндігі бар ма?
9. Теорияны тәжірибелік біліммен үйлестіретін интерактивті
сабақтар немесе аралас оқыту (онлайн және жеке сабақтар-
ды араластыру) сияқты әртүрлі оқыту режимдерінде білім
беруге қандай мүмкіндік жасайсыз?
10. Оқытушы ретінде өзіңізді оқыту тәсіліңіздің тиімділігі қан-
дай деп ойлайсыз және қалай талдау жасайсыз?
Өзіңіздің
оқытушылық тәжірибеңіз туралы рефлексия жасауға қан-
дай деректер негіз бола алады? Өзіңіздің оқытушылық қыз-
метіңізді жақсартуға болатын салаларды қалай анықтайсыз?
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
168
V I Т А Р А У
Білім беру сапасын
қамтамасыз ету
және арттыру
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
169
Шолу
«Білім беру сапасын қамтамасыз етудің және арттырудың ең
тиімді тәсілдері қандай?» деген сұрақ – жоғары білім беру жүй-
есіндегі қызығушылық тудырған тараптардың арасында жиі қой-
ылатын сұрақтардың бірі. Бұл тарауда біз аталған пікірталасты
тоқтатуды көздемейміз, білім беру
сапасының жоғары болуын
қамтамасыз ету және жақсарту негіздерін талқылаймыз. Біз На-
зарбаев Университетінде білім беру сапасын қамтамасыз ету және
арттыру жүйесін (бұдан әрі – СҚА) құрудағы өз тәжірибемізбен
бөлісеміз, осы үдерісте қол жеткізген жетістіктер мен сабақтар ту-
ралы әңгіме етеміз.
Сапаның қарапайым анықтамасының астарында оның күрделі
тылсым табиғаты тұр. Сапа – көп өлшемді және өзгермелі құбылыс.
Оны алуан түрлі стейкхолдерлермен әртүрлі әдіспен анықтайды.
Олар өздеріне тиесілі көзқарастарын ұсынады және «қосымша
құн»
121
деп аталатын ақысын ұсынады.
Сапаның қосарлы сипаты оның
белгілі бір сапа стандартта-
рына сәйкестігін және тұрақты жетілдіріліп отыратынын тексе-
ретін әкімшілік рәсімдер ретіндегі анықтамасынан байқалады.
Сапаны қамтамасыз ету алдын-алу шарасы болса да, сапаны арт-
тыру әлдеқайда жоғары дәрежедегі мақсаттарды көздейді және
121
Nair, Ch., Webster, L., & Mertova, P. (Eds). (2010).
Leadership and Management of Quality in Higher
Education. Chandos Publishing
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
170
түрлендіретін
өзгерістерді қамтиды
122
. Мақсаттарының әртүр-
лі болғанына қарамастан, олар бір-бірін толықтырып отырады.
СҚА институционалдық жүйесін әзірлеу кезінде шеберлікпен тең-
герімге қол жеткізу өте маңызды. Өйткені бір немесе басқа да
үрдістерге шамадан тыс тәуелді болу сапаның өзіне қауіпті болуы
мүмкін (17-суретті қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: