Эмпирикалық оқыту
Эмпирикалық оқыту қағидаларын түсіну осы тарауда талқы-
ланған бірнеше тәсілді, атап айтқанда белсенді оқыту мен рефлек-
сивті тәжірибені қарастыруға пайдалы негіз болады. Эмпирикалық
оқыту түсініктің өзгеріске ұшырайтынын және тәжірибе оны қалып-
тастыруға және қайта өзгертіп дамытуға ықпал ететінін болжайды.
Түсіну білім алушылардың білім беру ортасына өз білімдерін, иде-
яларын, сенімдері мен тәжірибелерін әкелетін үздіксіз үрдіс ретін-
де қарастырылады. Мұның бәрі оқушының нақты тәжірибесінің
ықпалынан өзгеріп отырады. Мұнда оқу үдерісі осылай жүретіні
жобаланады. Бұл оқыту үлгісі «Колбтың оқыту циклі» деген атпен
белгілі (13-суретті қараңыз). Дэвид Колбтың (Kolb, 1984)
106
ай-
туынша, бір нәрсені сәтті үйрену үшін төрт түрлі тәжірибе немесе
іс-әрекет қажет, атап айтқанда:
• тікелей, нақты тәжірибе – білім алушыны жаңа, нақты
тәжірибеге тарту;
• бақылау және рефлексия – білім алушылардың өз тәжіри-
бесі тұрғысынан ойлауы және талдау жасауы;
• абстрактілі ұғымдарды қалыптастыру – логикалық тұжы-
рымдар мен теорияларды тұжырымдау үшін идеяларды қа-
лыптастыру, оларды түрлендіріп, өңдеу;
• белсенді эксперимент жасау – шешім қабылдау, қиын-
дықтарды шешу және жаңа жағдайларда қорытындыларды
тексеру үшін жаңа, әлдеқайда терең түсініктерді пайдалану.
106
Kolb, D.A. (1984). Experiential Learning: Experience as the Source of Learning and Development (Vol.1).
Engelwood Cliffs, NJ: Prentice-Hall
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
147
13-сурет. Колбтың оқыту циклі
Белсенді оқыту
Белсенді оқыту – барлық студенттер оқу үдерісіне қатыстыры-
латын тәсіл. Бұл тәсіл дәстүрлі оқыту әдістерінен бірден ерекшеле-
неді. Онда студенттер оқытушы берген білімнің енжар қабылда-
ушылары болып саналады. Белсенді оқыту әдістерімен жасалған,
жеке әрі мұқият таңдалған сабақтардың нәтижесінде студенттер өз
оқуларына өздері жауап бере алады. Ізденіс-зерттеу жұмыстарына
және мәселелерді шешуге негізделген тәсілдер (мәселелік оқыту),
көбінесе, белсенді оқытудың ішкі түрлері ретінде қарастырылады
(14-суретті қараңыз). Екі тәсіл де оқыту мен зерттеуді біріктірудің
қолайлы тетігі ретінде кеңінен танымал (Spronken-Smith және т.б.,
2007). Олар студенттердің зерттеу қызметіне негізделген енжар
емес, белсенді оқыту тәсілін қамтиды. Зерттеу жүргізу, туындаған
мәселелерді іздеу және шешу үрдісі білім мен дағдыларды қалып-
тастырумен қатар жүреді (Prince, Felder, 2006). Оқыту жұмыстары
білім алушыға бағытталған, оған оқытушы қолдау білдіреді, «скаф-
фолдинг» стратегиясы қолданылады және жоғары деңгейдегі та-
нымдық үрдістерді қамтиды.
Бақылау және
рефлексия
Абстрактілі
түсініктер
қалыптастыру
Белсенді түрде
эксперимент жасау
Нақты
тәжірибе
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
148
Достарыңызбен бөлісу: |