Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет92/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   135
5.4 Білім беру сапасын арттыру
Кәсіби даму
Көптеген университеттер жоғары сапалы білім беруді қамта-
масыз етуге тырысады. Бұл әдетте әріптестер мен жетекшілер та-
рапынан тікелей жасалатын сабақтарды қадағалау жұмыстарын 
үйлестіру есебінен, сондай-ақ студенттер тарапынан оқытушы-
лардың жұмысын бағалаудың көмегімен, курс бойынша бағалауға 
талдау жасау мен құжаттамаға шолу жасау арқылы жүзеге асыры-
лады. Бұл тақырып 7-тарауда толығырақ талқыланады.
Көптеген елдерде еңбек өтілін енді бастаған жас оқытушылар-
дан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, ғылыми еңбектер жа-
риялауда, студенттерге ғылыми жұмыс бойынша сабақ беру және 
жетекшілік етуде өз дағдыларын дамыту талап етіледі. Сонымен 
бірге олар оқытушылардың кәсіби дамуына арналған ресми бағдар-
ламаларға қатысуы керек. Балама ретінде немесе қосымша ретін-
де олардың докторлық бағдарламаларда оқу кезінде алған оқыту 
тәжірибесі бар. Академиялық тәжірибеге бағытталған біліктілік-
тері педагогтің тәжірибелік қызметін жетілдіретін негізді қамта-
масыз етеді. Оқытушылық қызмет бір мезгілде рефлексия, өзінің 
педагогикалық тәжірибесін әріптестерімен, аға оқытушылармен 
және тәлімгерлермен бірге талқылау арқылы жақсарады. Бри-
тандық AdvanceHE
117
компаниясы сияқты халықаралық ұйымдар 
кәсіби дамудың құрылымданған жолдарын және ғалымдардың ең-
бек жолының түрлі кезеңдерінде кәсіби тұрғыдан сәйкесінше та-
нылуын ұсынады.
117 
https://www.advance-he.ac.uk/


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
163
НУ-да оқытушылардың кәсіби дамуы
НУ Advance HE компаниясымен серіктестікте оқытушыларды кәсіби да-
мыту мен танытудың кешенді тәсілін әзірледі:
• жоғары мектеп педагогикасы бойынша тәжірибелік семинарлар;
• оқытушылық қызмет саласындағы оқытушыларға кәсіби сертификат беру;
• жоғары буынның басшылары мен аға менеджерлері үшін көшбасшылықты 
дамыту курсы.
Бұл тәсіл Ұлыбританияның кәсіби стандарттар жүйесімен
118
, оқытудың 
табыстылығын салыстырмалы бағалау және оқытуға қолдау білдіру үшін ха-
лықаралық тұрғыда танылған құрылыммен сәйкестендірілген. Сонымен қатар 
НУ мектептері/факультеттері өздерінің стратегиялық серіктестерімен (Кем-
бридж университеті, Дьюк университеті, Питтсбург университеті, Вискон-
син-Мэдисон университеті, Пенсильвания университеті, Сингапур ұлттық 
университеті) тығыз қарым-қатынас орнатқан. Олар оқытушылардың кәсіби 
тұрғыдан одан әрі дамуын және тәлімгерлікті қамтамасыз етеді. Профессорлар 
тобы жасаған сабақтарды өзара бақылау жобасы сияқты жетілдірудің маңыз-
ды бастамалары оқытушылардың өз тәжірибесін дамытуға мүмкіндік береді. 
2019 жылы Еуропалық Университеттер Қауымдастығының институ-
ционалдық бағалау бағдарламасы (IEP)
119
шеңберінде жүргізілген сырттан 
бағалауы барысында НУ өзінің профессор-оқытушылар құрамын дамытуға 
бейілділігі (шынайы берілгендігі) үшін мақтауға ие болды: «НУ-дың мыса-
лы Ұлыбританиядағы жоғары білім академиясымен (2018 жылдан атауы 
«Advance Higher Education» болып өзгертілген) ынтымақтастықта жүргізілген 
үлгі арқылы оқытушыларының үздіксіз кәсіби дамуына қолдау білдіруі де на-
зар аударуға тұрарлық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет