Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
163
НУ-да оқытушылардың кәсіби дамуы
НУ Advance HE компаниясымен серіктестікте оқытушыларды кәсіби да-
мыту мен танытудың кешенді тәсілін әзірледі:
• жоғары мектеп педагогикасы бойынша тәжірибелік семинарлар;
• оқытушылық қызмет саласындағы оқытушыларға кәсіби сертификат беру;
• жоғары буынның басшылары мен аға менеджерлері үшін көшбасшылықты
дамыту курсы.
Бұл тәсіл Ұлыбританияның кәсіби стандарттар жүйесімен
118
, оқытудың
табыстылығын салыстырмалы бағалау және оқытуға қолдау білдіру үшін ха-
лықаралық тұрғыда танылған құрылыммен сәйкестендірілген. Сонымен қатар
НУ мектептері/факультеттері өздерінің стратегиялық серіктестерімен (Кем-
бридж университеті, Дьюк университеті, Питтсбург университеті, Вискон-
син-Мэдисон университеті, Пенсильвания университеті,
Сингапур ұлттық
университеті) тығыз қарым-қатынас орнатқан. Олар оқытушылардың кәсіби
тұрғыдан одан әрі дамуын және тәлімгерлікті қамтамасыз етеді. Профессорлар
тобы жасаған сабақтарды өзара бақылау жобасы сияқты жетілдірудің маңыз-
ды бастамалары оқытушылардың өз тәжірибесін дамытуға мүмкіндік береді.
2019 жылы Еуропалық Университеттер Қауымдастығының институ-
ционалдық бағалау бағдарламасы (IEP)
119
шеңберінде жүргізілген сырттан
бағалауы барысында НУ өзінің профессор-оқытушылар
құрамын дамытуға
бейілділігі (шынайы берілгендігі) үшін мақтауға ие болды: «НУ-дың мыса-
лы Ұлыбританиядағы жоғары білім академиясымен (2018 жылдан атауы
«Advance Higher Education» болып өзгертілген) ынтымақтастықта жүргізілген
үлгі арқылы оқытушыларының үздіксіз кәсіби дамуына қолдау білдіруі де на-
зар аударуға тұрарлық».
Достарыңызбен бөлісу: