Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы


-сурет. Мектеп педагогикалық ұжымының ғылыми-әдістемелік қызметін басқару



Pdf көрінісі
бет16/66
Дата16.10.2023
өлшемі1,06 Mb.
#116586
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
2-сурет. Мектеп педагогикалық ұжымының ғылыми-әдістемелік қызметін басқару 
циклі 


17 
3) оқушылардың жеке және академиялық жетістіктерінің өсуі; 
4) мұғалімнің кәсіби деңгейін арттыру. 
II. Ғылыми-әдістемелік жұмысты (ҒӘЖ) жоспарлау және ұйымдастыру
1) жоспарлау негізінен басқарудың басты шешімдерінің бірі болып табылады. Жоспарлау 
үдерісі келесіні қамтиды: 
- жалпы мектеп жоспарының бөлімі ретіндегі ҒӘЖ жоспарын; 
- зерттеу қызметінің тұжырымдамасын (таңдалған тақырып бойынша); 
- зерттеу бағдарламаларын(жалпы және жеке); 
- кафедралар мен әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарларын
- тәжірибеге енгізу мақсатына жүргізілетін іс-шаралар жоспарын. 
2) қызметті ұйымдастыру жоспарды кезең-кезеңмен іске асыру сценарийін, мысалы, білім 
алушылардың өзіндік жұмысында АКТ-ны пайдалануды; жалпы формативті бағалауды 
жүргізуді қамтиды.
III. Іске асыру 
Осы 
кезеңде 
жоспарланған 
зерттеуге/сабақты 
зерттеуге/іс-әрекетегі 
зерттеуге/бағдарламаға/оқу процесіне/тәрбие процесіне сәйкес білім беру процесінде
зерттеуді іске асыру бойынша ғылыми-әдістемелік қызмет орындалады. 
IV. Ғылыми-әдістемелік қызмет нәтижелерін талдау және қорыту 
Зерттеу нәтижелері талданады және қорытынды жасалады, ғылыми - әдістемелік қызмет 
бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жүргізіледі. 
V. Түзету.
 
Талдау нәтижелері бойынша ғылыми-әдістемелік қызмет пен педагогикалық процесті 
одан әрі жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар мен нұсқаулықтар әзірленеді.
VI. Нәтижелерді практикаға енгізу 
Тәжірибелік ұсынымдар, озық тәжірибені жариялау және тарату негізінде тәжірибедегі 
жаңашылықтарды одан әрі іске асыру жүзеге асырылады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет