ө, о фонемаларының кейінгі буынды еріндікке айналдыра алмауының, ал ұ, ү фонемаларынан кейінгі буындарда да ұ, ү сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады?
Нт, лт, нч дыбыс тіркесі неліктен бір таңбамен берілген?
Көне түркі жазуында б, ғ, д, й, қ, л, н, р, с, т 10 дауыссыз фонемаға 20 әріп алынса, неге з, м, п, ч, ш, ң 6 дауыссыз фонемаға 6 әріп сәйкес келеді?
Көне түркі жазуында , <ұ> неге бірінші буында ғана таңбаланған?
Көне түркі жазуында<қ>,<к> фонемаларының таңбасы неге үш-үштен?
Көне түркі жазуының шығу тегі туралы қандай пікірлер бар?
1-тапсырма. Көне түркі әліпбиін пайдаланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: бал-бел, ай-ей, тал-тел, қой- гөй, бас- бес, оқақ, мас- мес, малта- белде, лас-лес, аң-өң, бол-бөл, май- пай, ғой-гөй, тар- тер, сой-сүй, сал-сел, раң- рең, пара- қара, ол- ел, алаң-елең.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына сол позицияда келуге тиіс фонеманы табыңыз: Б...рзун, м...ңа, м...н, үч...н, к...че, ...нығ, белк...м, кәлим...ң, алт...н-алт...н-алт...н, балт...-балт...-балт...-балт...
3-тапсырма. Көне түркі әліпбиіндегі дара дауыссыздар таңбасын пайдаланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: Заң, заңгерлік, зере, Зеренікі, Зорға зорлықкөрсетушілік, малшы, малшаруашылық, шана, шанамен, жаңа, жаңашылдық, жай, жайлылық.
4-тапсырма. Көне түркі әліпбиіндегі дауыссыз үштіктердің таңбасын пайдаланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: Ақ- оқ, кіші- күші, қол- құл, екінді-өкінді, қыз-қаз, өкірді- секірді, ұқық, өкше – екше, оқы- ақы, теке – неке.
5-тапсырма. Көне түркі әліпбиіндегі дыбыс тіркесінің таңбасын пайдаланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: келте – кенде, бірінш(ч)і – екінш(ч)і, рубасы – елбасы, мыңбасы – жүзбасы.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |