Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр


Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы



бет11/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
2. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы
XX ғасырдың 50–60-жылдары бастауыш мектептегі жаңа бетбұрыстар, яғни жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың жарыққа шығуы. Бұл кезеңдегі табиғаттануды оқыту әдістемесінің дамуы П.А Завитаевтың, М.Н.Скаткин, А.А. Перроттенің есімдерімен байланысты. Сонымен қазіргі дүниетануды оқыту әдістемесінің дамуы осындай кезеңдерден өткен. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш стандартына сәйкес «Атамұра» бағдарламасын енгізу шешілді. Дүниетану–оқу жоспарында жаңа пән болып, ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан тұрады. Бұл пән бұрынғы бастауыш сыныптарда оқытылған «Айналамен таныстыру» (1-2 сыныптар), «Табиғаттану (3-4 сыныптар) пәндерін алмастырады. Мұнда 1-4 сыныпқа дейін дүниетану пәні жеке пән ретінде, әр сыныпқа даярланған бағдарламаға сәйкес жүргізілу тиіс болды
XX ғасырдың 50–60-жылдары бастауыш мектептегі жаңа бетбұрыстар, яғни жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың жарыққа шығуы. Бұл кезеңдегі табиғаттануды оқыту әдістемесінің дамуы П.А Завитаевтың, М.Н.Скаткин, А.А. Перроттенің есімдерімен байланысты.
Александра Александровна Перротте (1880-1963) – бастауыш сыныптардың Дүниетану пәнінды оқу жөніндегі педагог-әдіскер. Ол мұғалімдер білімін жетілдіру институтында ұдайы семинарлар жүргізіп, лекциялар оқып және баспасөз беттерінде еңбектерін жариялап отырды.
Мектептерде жұмыс істеген кездерінде үлгі сабақтар және әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар жүргізді. Оның «Бастауыш мектепте Дүниетану пәніндан сабақ беру тәжірибесінен», «Бастауыш сыныптарда табиғат зерттеу», «Бастауыш мектептегі Дүниетану пәнін бойынша экскурсиялар» – деген еңбектерінің өзіндік маңызы жоғары болды. Ол Дүниетану пәнін бойынша көрнекі құралдарға үлкен мән береді. Оның қолынан «Ізбестастар», «Тұз», «Торф» коллекциялары және оларға арналған әдістемелік нұсқаулар шықты.
Петр Алексеевич Завитаев (1890-1970) – Дүниетану пәнінды бастауыш мектепте оқытуды жетілдіруде айтарлықтай үлес қосты. Ол өзінің жұмыстарында жаратылыс ғылымдарына тән әдістерге сүйене отырып табиғаттану түсініктері мен ұғымдарын қалай қалыптастыру керек екенін көрсетуге тырысты. Ол жасаған бақылаулар, тәжірбиелер мен экскурсиялар жүргізу әдістемесі табиғаттану ұғымдарын қалыптастыруға қажетті нақтылы сезім негізін құруға көмектесті. П.А.Завитаев заттық сабақтардың жүйесін жасады, оларды оқыту мазмұны мен әдістемесін анықтады. Бұдан басқа, ол Дүниетану пәніндың материалдық базасын жетілдіруде, құрал–жабдықты сабақтарда пайдалану әдістемесін жасауда көп еңбек етті. Ол «1-4 сыныптардағы экскурсиялар мен заттық сабақтар», «1-4 сыныптардың оқу-тәжірибе учаскесі», «1-4 сынып оқушыларының оқу-тәжірибе учаскесіндегі еңбегі» әдістемелік еңбектерін шығарады. Сонымен бірге ол Дүниетану пәнін оқушыларға политехникалық білім берудің баспалдағы деп есептеді.
П.А.Завитаев табиғаттану сабақтарында жабдықтар мен көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін жетілдіру жөнінде көп жұмыс жасады. «14 сыныптарда табиғат зерттеуге байланысты сабақтардың жабдықтары», «Бастауыш сыныптарда Дүниетану пәнін сабақтарында тәжірибе жүргізуге арналған жабдықтар» сияқты әдістемелік құралдар жазды.
Михаил Николаевич Скаткин (1900-1984) жиырма жылдан астам уақыт бойы мектептегі Дүниетану пәнін бағдарламалары мен 3-4 сынып оқулықтарының авторы болды. Ол табиғаттануды оқыту әдістемесі мәселелеріне көп көңіл бөлді, бұл курстың дербес оқу пәні болып бөлініп шығуына елеулі үлес қосты. Ол оқушылардың танымдық әрекетін күшейту, бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру принциптерін жасады. М.Н.Скаткин көрнекі құралдардың, таблицалардың, картиналардың, коллекциялардың, кинофильмдердің, сондай-ақ оларды сабақтарда қолдануға арналған әдістемелік құралдардың тұтас сериясын жасап шығарды. Ол профессор К.П.Ягодовскиймен бірлесіп табиғат күнтізбесін жасады, оған оқушылардың өлі және тірі табиғаттағы өзгерістерді бақылау нәтижелері енгізілді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет