Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр



бет14/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
Дүниетану Силлабус

Оқыту әдістерінің сипаттамасы.

Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беруде, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді. Оқушыларға, біржағынан әдістердің қай-қайсысы болса да, біріншіден, мұғалім баяндап берген даяр білімді игеруге; екіншіден, мұғалімнің басшылығымен өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі. Белгілі бір әдіс сабақтың мақсатына, оқу материалы ның мазмұнына және танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әртүрлі бағыт, түрліше күрделілік дәрежесіне ие болады.
Сөздік әдістеріне баяндау (түсіндіру), әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс. Сөздік әдістерді өзге әдістермен ұштастыра отырып, оқушыларды нақты бейнелерді веберальдық білімге, одан соң схема, модель, жер планы сияқты айырықша белгілер жүйесіне ауыстыра үйретуге болады. Көрген нәрсені сөзбен жеткізу, схема түрінде көрсету – міне таным жолы осындай. Сонымен бірге сөздік әдістердің жеке, дербес маңызы бар.
Бақылау әдісіне табиғатты, тірі табиғат бұрышындағы, оқу-тәжірибе үлескесіндегі, географиялық алаңдағы бақылау. Зерттеу әдісі-тәжірибе, эксперимент жасау. Жаттығу әдісіне жазбаша жұмыс, сызба, сурет салу, түрлі практикалық жұмыстар орындау. Көрнекілік әдістері картиналар, диафильм, табиғи көрнекіліктермен жұмыс.
Сабақ материалдарын баяндау әдістерінің бірі мұғалімнің әңгімесі болып табылады. Баяндау ғылыми және әдістемелік жағынан дұрыс болу керек. Мұғалім балаларға қандай болмасын бір білім туралы айтқанға дейін оқулықта жазылғандарды талдап және толықтырып, мағлұматтардың дұрыстығын оқулыққа сәйкес келетін энциклопедиядан, анықтама кітабынан алдын ала қарап, тексеріп алады.
Баяндау балалар түсінігіне жеңіл де қарапайым болуы керек. Мұғалім балалармен сөйлесу арқылы тілдің барынша қарапайым және түсінуге жеңіл болуын қамтамасыз етеді, алайда тілдің түсінуге жеңіл болуын фактілерді бұрмалаумен, тұрпайылықпен, жабайылықпен алмастыруға болмайды. Егер мұғалім өзі мәселені нақтылы түсінбесе, онда ол оқу материалын бала санасына жеткізе алмайды.
Баяндау айқын, көркем, сезімге әсер ететіндей болуы керек. Балалар тек қана ақылына емес, сезіміне де әсер ететін, әсерлі баяндауды есінде ұзақ уақыт сақтайды және жақсы, жеңіл түсінеді.
Баяндау барысында бірсарындылықтан алшақтау қажет. Баяндауда мұндай айқындыққа және бейнелі сөйлеуге жету үшін, мұғалім қажымай өз бетінше ұзақ іздену керек, сабаққа дайындалған кезде табиғаттың әсерлі суреттемелерін және адамның табиғатқа тигізетін әсерін пайдаланып және көркем шығармалардан үзінді келтіре кеткен де жөн. Баяндау міндетті түрде көрнекі құралдар – фотосуреттер, қабырғаға ілетін суреттер, гербарийлер, макеттер және басқа көрнекілермен қатар жүргізіледі. Көрнекі құралсыз баяндауда балада құмартушылық кемиді де, оны оқушылар нашар қабылдайды.
Баяндауды тәжірибемен қатар жүргізуге немесе тежірибені алдын – ала көрсетуге де болады. Баяндаудың стилистикалық, мүмкіндігінше қысқа, бірақ мазмұнды болғаны өте қажет. Баяндаудың ұзақтығы 3 - 4 сыныптарда 10 - 15 минут, ал 1 - 2 сыныптарда 8 - 10 минуттан аспауы қажет.
Баяндау қарқыны нашар оқитын оқушы оның мазмұнын түсіне алатындай болу керек. Өте шапшаң айтылған әңгіме – қажытады, өте баяу баяндалса – ұйқы келтіреді. Сондықтан мұғалім баяндау екпінін мазмұнына қарай өзгертіп отырғаны дұрыс. Осылайша баяндауға көптеген қатаң талаптар қойылады. Сондықтан оның мазмұны мен ұйымдастырылуына мұғалім үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Мұндай жауапкершілік мұғалімді мұқият дайындалуға, баяндаудың мазмұнын, оның формасын, ұйымдастыру және сабақтағы орнын ойланып, тиянақты әзірлік жасауға мәжбүр етеді.
Бақылау біріншіден, қоршаған болмыстан нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға соның негізінде төменгі сыныпс оқушыларының логикалық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді. Екіншіден материалистік дүниетанымның қалыптасуына себепкер болып, табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына, табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына, дүниенің материалдығына және табиғаттың біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.
Оқу тұрғысындағы бақылаудың мақсаты қандай да бір фактілерді жинақтау, бақылау обьектісін зерттеу немесе заңдылықтарды ашу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алдын-ала бақылауға дайындалу жұмысын жүргізу қажет. Ол негізінен төмендегідей:
1. Оқушыларды бақылау обьектісімен және оның мақсаттарымен таныстыру.
2. Жұмыс дәптеріне бақылау Жоспары:ын жазу.
3. Бақылау барысымен және оның ұсынылған тәсілімен, фактілерді белгілеу ережелерімен таныстыру.
4. Сипаттау мен қорытындыларды беру.
Бақылау тек табиғи объектілер мен құбылыстар ғана емес олардың суреттері мен бейнелерін, яғни фотосуреттер, моделі, слайдтар мен кинофильм арқылы да бақылау түрі болып келеді. Бастауыш сыныптарда көбіне басым жағдайда ауа райын бақылау, өсімдіктерді маусымдық өзгерістерін бақылау, тұқымның өнуін бақылау, жыл мезгілі өзгерістерін бақылау, адам еңбегін бақылау, жан-жануарлардың мінез-құлықтарын бақылау т.б. Бақылау ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып келеді. Бақылау барысында оқушылар түрлі құраласпаптармен жұмыс істеуге машықтанады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет