Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр



бет16/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Байланысты:
Дүниетану Силлабус

Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. «Дүниетану пәнінді оқыту әдістемесі» пәнін оқыту әдістері атаңыз.
2. Оқыту принциптерін білу оқу үрдісін оның заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыру, оқу материалының мақсаттарын анықтау және мазмұндау.
3. Оқыту сабақтарын бес типтерін атау және түснктеме беру.


7-8 дәріс тақырыбы: Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Дүниетану" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
Жоспары:

  1. Жалпы ережелер

  2. Дүниетану оқу пәнінің мажмұны

  3. Оқу мақсаттарының жүйесі



Жалпы ережелер

    1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

    2. "Дүниетану" пәнін оқытудың мақсаты: ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, қоғам және табиғаттың өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.

    3. Оқыту міндеттері:

  1. білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;

  2. білім алушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;

  3. білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

  4. білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;

  5. білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;

  6. білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыру.

    1. Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты білім алушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілде ұйымдастыру қарастырылған.

    2. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің "қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек пен шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты білім берудің басты құндылықтарын білім алушыларға дарытудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет