тарау. "Дүниетану" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру "Дүниетану" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
"Дүниетану" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау; "шежіре" ұғымы; отбасындағы қамқорлық; тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлері; тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің адам өміріндегі маңызы; мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жері; күн тәртібі; тәулік уақыты мен апта күндерінің атаулары; өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау; менің атамекенім; мекенжай атауы және елді мекенінің географиялық орналасқан жері; өзі тұратын елді мекеннің басты көшесі, ғимараттары және көрнекі жерлері; денсаулық пен қауіпсіздік; жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы; тамақтану режимі; үйдегі қауіпсіздік ережелері; жолда жүру тәртібі; жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәні; мерекелер; отбасылық мерекелер;
"Еліміздің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау; табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері; климат және ауа райы; ауа райының адам өміріне және оның іс- әрекетіне әсері; табиғи жағдайлар және олардың адам өмірі мен қызметіне әсері; жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктері; туризм; туризмнің мәні; туристердің негізгі мақсаттары;
"Тарих беттерінен" бөлімі: ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер: ежелгі адамдар, сақтар, Томирис патшайымы, ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері және жәдігерлері туралы алғашқы мәліметтер; Қазақстан аумағындағы көне жазулар туралы түсінік; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздермен танысу, оларды сипаттау; Қазақстан елордасы – Астана қаласы.
"Дүниетану" оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау; отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру; отбасы қажеттіліктерінің құрылымы; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлері; мектеп қауымдастығының құрылымы; ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормалары; сынып ұжымын сипаттау; менің атамекенім; көрікті жерлерін сипаттау; Қазақстан картасындағы ірі өзен- көлдер, қалалар, жолдар, өз облысы; денсаулық пен қауіпсіздік; пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтары; күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелері; көлік түрлері, олардың қажеттілігі; қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелері; құқық және міндет; құқық, міндет және жауапкершілік; қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызы; Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері;
"Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; тұсбағдардың көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау; ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсері; ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызы; өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері тұстары; табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу; туризм; туризмнің негізгі түрлері; туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандар; туристік нысандардың ерекшеліктері;
"Тарих беттерінен" бөлімі: "мал шаруашылығы" және "егін шаруашылығы" туралы алғашқы түсінік алу; көне қалалар мен ескерткіштер; ғұндардың өмір салты туралы алғашқы түсінік; Ботай мәдениетінің ерекшеліктері; қазақ халқының жылқыны қолға үйретуі; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері; Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәні; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау; Қазақстан халықтары достығының маңыздылығы.
"Дүниетану" оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастар; әулет шежіресін құрастыру; өз әулетінің құндылықтарын анықтау; өз шығындарын жоспарлау; өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну; мектеп және мектеп қауымдастығы; сыныптың өзін-өзі басқару ережелері; түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдары; қоғамда өзін өзі ұстау әдеп нормалары; адамдар арасындағы достықтың маңыздылығы; менің атамекенім; елді мекендердің түрлі белгілері; қала мен ауылдың байланысы; денсаулық пен қауіпсіздік; тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелері; спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау; табиғи ортадағы қауіп-қатерлер; өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау; құқық және міндет; Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы; мерекелер; Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерінің маңызы;
"Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; астрономиялық белгілер бойынша көкжиек бағыттарын анықтау; масштаб пен шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің жоспарын құру; климат және ауа райы; жер климатының негізгі түрлері; ауа райы мен климаттың қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелері; табиғи жағдайлардың адам өміріне және оның іс-әрекетіне әсері; адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары); геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелері; туризм; Қазақстанның барынша тартымды туристік нысандарының рейтингісі;
"Тарих беттерінен" бөлімі: көшпелі және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері; тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру; Қазақстанның тарихи тамыры; Түркілердің өмір салтымен танысу; Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар; Қазақ хандығының құрылу себептері; көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері; хандар, батырлар мен билердің рөлі; Абылай хан; Керей хан; Жәнібек хан; Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм; Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін түсіндіру ("Алтын адам", "Бәйтерек" монументі, "Мәңгілік Ел" қақпасы); тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі.
"Дүниетану" оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
"Мен және қоғам" бөлімі: отбасы; отбасының қоғам өміріндегі маңызы; отбасы мүшелерінің функционалдық рөлі; отбасы бюджетінің негізгі кіріс- шығыстары; отбасы бюджетін оңтайландыру жолдары; мектеп және мектеп қауымдастығы; мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдары; көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттер; менің атамекенім; түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (аймақ, аудан, облыс); өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілері; денсаулық пен қауіпсіздік; спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептері; спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қауіптері; жасанды ортадағы қауіп-қатерлер; жасанды ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлау; құқық және міндет; Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы; демократиялық құқықтар мен бостандықтар, міндеттер; мерекелер. кәсіби мерекелердің тарихы;
"Елімнің табиғаты" бөлімі: жергілікті жерде бағдарлану; нысанның басқа нысандарға қатысты орны; глобус пен карталардың қолданылуы; параллельдер, меридиандар, экватор; климат және ауа райы; адамзат дамуына климаттың әсері; табиғи жағдайлардың адам өміріне және оның іс-әрекетіне әсері; өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекеттері; өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдылығы; туризм. Қазақстан мен Астана бойынша туристік маршрут құру;
"Тарих беттерінен" бөлімі: "технологиялық прогресс" ұғымы анықтамасымен танысу; тарихи мұражайлардың қызметі; мұражайдың өзіндік жобасы; қазақ халқының шығу тарихы; сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу; Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар; Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерінен мысалдар; шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяны; Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм; "Қазақстан" атауымен байланысты ұлттық бренд; Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлі.