Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр


Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің қағидалары



бет15/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Байланысты:
Дүниетану Силлабус

Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің қағидалары

Оқыту принциптерін білу оқу үрдісін оның заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыруға, оқу материалының мақсаттарын орынды анықтауға және мазмұнын таңдап алуға, оқытудың түрлері мен әдістерінің мақсаттарына тиісті түрін таңдауға мүмкіндік береді.
Дүниетану пәнін пәнінен оқу материалын іріктеу кезінде ұғымдардың ғылымилығы мен түсініктілігі ескеріледі, осыған байланысты негізгі білім қарапайым түсініктер мен ұғымдар деңгейінде беріледі. Мұндай түсініктерге заттар мен денелер, ауа мен судың қасиеттері, минералдар, тау жыныстары мен пайдалы қазбалар, тірі табиғат алуандығы, табиғат процестері мен құбылыстары туралы білім жатады.
Оқытудың әрбір кезеңінде бастапқы түсініктер тереңдеп, мазмұны кеңейеді және біртіндеп білімге айналады. Бұл білім «түсінік-ұғым-білім» схемасы бойынша қалыптасады. Мұндай жүйелілік білім мазмұнының біртіндеп тереңдеуін қамтамасыз етеді. Пәнді оқып–үйрене отырып, оқушылар өздерінің бақылауларын, бұрын алған ұғымдарын қорытындылайды, оларда өздері меңгерген білімнің негізінде жаңа түсініктер мен ұғымдар қалыптасады. Мазмұнның жүйелі толығуы оқушылардың білімін тиянақты етіп бекітуге мүмкіндік береді.
Оқу материалдары белгілі бір жүйемен реттеліп Жоспары:ланбаса білім тиянақты қалыптаспайды. Сондықтан білім жүйесінде әр пәннің өздеріне тән бекітілген бағдарламасы болады. Осы бағдарламаға сәйкес оқу материалдары белгілі принциптермен іріктеліп, жүйеленеді, яғни жүйелілік, бірізділік принциптерімен жүзеге асады. Сондай-ақ материалдың тәрбиелік орны, ғылыми тиімділік тұрғысы, көрнекілік жүйе, өлкетану, жеделдете оқыту, қиындықта оқыту, қарапайымнан күрделену бірізділігі сияқты принциптер ұсталынады.
Оқытудың ғылымилық принципі білім беру мазмұнының қазіргі ғылым мен техниканың, әлемдік өркениеттің жинақтаған тәжірибесінің даму деңгейіне сәйкестігін қарастырады. Бастауыш сыныптарда Дүниетану пәнін ғылымдарының қазіргі жетістіктері мен жаңалықтарын кірістіре отырып, нақты ғылыми фактілермен, құбылыстармен, табиғи заңдылықтармен таныстыруға бағытталу болып табылады.
Оқыту жүйесінде негізгі деп саналатын принцип – көрнекілік принципі. «Егер оқушыларға нақты шынайы білім беруге ниеттенсек, онда біз барлығын жеке бақылауымыз бен сезім көрнекілігі арқылы оқытуға ұмтылуымыз керек», – деген А.Я.Коменскийдің пікірі дәлелдейді. Сондай-ақ, К.Д.Ушинский «қандай да бір жағдайды қабылдауға сезім мүшелері қанша көп қатысса, ол біздің есімізде сонша берік сақталады», – деген.
Оқытудың көрнекі және техникалық құралдарын қолдану материалды тиімді игеруге жағдай жасайды. Сонымен қоса оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттырады, өмірмен байланыстыру қабілеттерін дамытады, байқағыштыққа тәрбиелейді, оқуға деген қызығушылығын арттырады және білім санада ұзақ сақталып, игеріледі.
Оқытудағы реттілік пен жүйелілік принципі оқулықтар мен бағдарламаларда жүйелеп құрумен, пәнаралық және пәнішіндегі байланыстарды орнатумен іске асырылады.
Оқытуда жүйелілік тұрғыда дамыту оқу материалын нақты құрылымдауға, оқылатын оқу пәні бойынша оқулық пен көрнекі құралдардың жиынтығын жасауға мүмкіндік береді. Жүйелілік құрылымдау оқылатын материалдағы басты ұғымдар мен категорияларды бөліп көрсетуді, олардың басты ұғымдармен байланысын орнатуды талап етеді.
Оқытудағы бірізділік оқу материалына түсініктілікті, оны берік меңгеруді, қиыншылықтардың бірте-бірте артуын және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Өлкетану принципі – табиғат және адам еңбектері оқытылатын сабақтардың бәрінде белгілі бір ретпен, жүйелі түрде, күнделікті қолданып отыру қажет. Өлкетану екі бөлімнен тұрады:
а) мектеп айналасындағы жерлерді сипаттайтын материалдарды жинау;
б) жиналған материалдарды сабақта пайдалану. Өз ауданын зерттеуді ауылда мектептің ауласынан бастап, одан кейін ауладан ауылға, ауылдан ауданға ауысқан жөн. Қалада-ауладан көшеге, көшеден өз ауданына, одан кейін бүкіл қаланы зерттеуге көшу керек. Әдетте өз жерін зерттеу төмендегі жоспары бойынша жүргізіледі: Қаланың, ауданның географиялық орны; Қаланың немесе ауданның жер бедері, пайдалы қазбалары; Климаты; Сулары; Топырағы; Өсімдіктері мен жануарлар жүйесі; Ауданның өткен тарихы; Халқы, олардың айналысатын кәсібі; Даму перспективалары. Осылай тікелей зерттеу негізінде көптеген түсініктер тұжырымдауға мүмкіндік береді; оқушылардың байқампаздығы күшейеді, тек оқулықтан ғана емес, айналадағы табиғат пен өмірден де білім алуларына көмектеседі; өз өлкесін танып білу арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігі артып, патриоттық сезім қалыптасуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет