Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр



бет49/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
Байланысты:
Дүниетану Силлабус

Әдебиеттер: 5,9,14,19

25-26 практикалық сабақ тақырыбы: Дүниетану сабағында қолданылатын көрнекіліктер


Сабақтың мақсаты; Сабақта қолданылат көрнекіліктерді орнымен қолдана білуді үйрету. Жинақтаған материалдарын практикада қолдана білу
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар;

  1. Көрнекі құралдар дегеніміз не?

  2. Дүниетану сабағында қандай көрнекі құралдар қолдануға болады?

  3. Көрнекі құралдар жинағын жасаңыз

Әдістемелік нұсқаулықтар; Сабақ кезінде қолданылатын көрнекіліктердің не екенін біледі. Көрнекілік түрлерімен танысады. Сабақ тақырыбына қарай көрнекілік қолдана біледі. Өздері сабақта пайдалана білуі үшін оқулықта талдаған бөлім тақырыптарына қарай көрнекіліктер жинағын жасайды.
Өткізу формасы; «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі»
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.
Бағалау критерийлері;

90-100

Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.

70-89

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.

50-69

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.

0-49

Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет