Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр



бет46/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Әдебиеттер: 6,15,13,7

19-20 практикалық сабақ тақырыбы: Сабақта қолданылатын ойын түрлері


Сабақтың мақсаты; Болашақ маман иелеріне оқушыларға ойнай отырып сабақ беруді үйрету. Жинақтаған материалдарын практикада қолдана білу
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар;

  1. Сабақтың түрлері

  2. Сабақта қолданылатын ойын түрлері

  3. Ойындардан жинақ жасау

Әдістемелік нұсқаулықтар; Сабақ және ойын түрлерімен танысады. Сабақ кезінде қолданылатын ойынның не екенін біледі. Сабақ тақырыбына қарай ойындарды қолдана біледі. Өздері сабақта пайдалана білуі үшін оқулықта талдаған бөлім тақырыптарына қарай ойын түрлерінен жинақ жасайды.
Өткізу формасы; «Ыстық орындық -1, 2»
Топтағы кез-келген студентті «Ыстық орындыққа» отыруға шақырады. Ең маңыздысы – өз еркімен шығу. Студент ортада тұрған үстелге отырып тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру қажеттігін мұғалім түсіндіреді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда «күйді» деп ескерту беріледі. Осылайша бес немесе алты студент «Ыстық орындыққа» отыру арқылы үй жұмысын немесе жаңа семинарды қорытындылауға бойынша сұрақтарға жауап береді. 2-ші нұсқа бойынша «Ыстық орындыққа» отырған студент сұрақтар қоя алады.
Бағалау критерийлері;

90-100

Практикалық жұмыс туралы кем дегенде 90% - ның жазбаша болуы. Қосымша мәлметтер, дәлелдемелер болу.
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.

70-89

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның жазбаша болуы.
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.

50-69

Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның жазбаша болуы. Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.

0-49

Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе сабаққа мүлде дайын емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет