Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы


Лекция 18. Тақырыбы: Оқыту құралдары:ұғымы, қызметтері және жіктелуі



бет39/76
Дата11.06.2023
өлшемі404,59 Kb.
#100439
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Лекция 18. Тақырыбы: Оқыту құралдары:ұғымы, қызметтері және жіктелуі.
1.1.Оқыту құралдары туралы ұғым және олардың мәні.
1.2. Оқыту құралдарының қызметтері.
1.3.Оқыту құралдарын қолдану принциптері.
1.4. Оқыту құралдарының жіктелуі.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу – тәрбие жұмысының табысты өтуі, материалдық-техникалық базасына тығыз байланысты. Олардың қатарына оқу кабинеттерін, лабораториялардыжәне полигондарды жатқызады. Сондықтан да олардың құрамындағы жабдықтарды оқу жабдықтары деп атаймыз. Дегенмен, осы кезге дейін бұл трминнің пайдаланылуы туралы әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір кезде оқу жабдықтарына мебельдерді, көрнекі оқу құралдарын, лаборатория жабдықтарын жатқызса, ал кейбір жағдайда «оқу жабдықтарыә» деген терминмен «оқу құралдары» терминнің синоним ретінде қарастырылады.
Көпшілік зерттеушілер кейінгі кезде оқу жабдықтарына оқыту құралдарынан бөлек, техникалық оқыту құралдарын, мебельді және ұрылғыларды жазып жүр. Сондықтан да оқу жабдықтары – оқушылардың оқу процесіндегі іс-әрекетіне көмеектесетін, мұғалімнің кейбір жұмыстарын жеңілдететін материялдық құралдар десек те болады.
Оқу жабдықтарына жататындар: 1.оқыту құралдары, 2. Техникалық құралдар; 3. Құрылғылар; 4. Мебельдер. Бұлардың арасында белгілі қарым-қатынас пайда болады. Мысалы, оқыту құралдары техникалық құралдардың, мебельдердің, керекті құрылғылардың тізбсін анықтайды. Егер кейбір пәнге тән көптеген кинофильмдер болса, онда техникалық құралдар қатарына киноқондырғыны, құрылғыға - экран мен қараңғылатқышты жатқызған болар едік. Осы кинофильмдерді жайғастыру, сақтау үшін арнайы мебель қажет болған болар еді. Сондықтан оқу жабдықтары барлық уақытта өзгеріп, дамып отырады
Оқыту құралдары - адамның табиғи тұрғыдан ойлап тауып, білім берудің алға қойылған мақсаттарына жету ұшін және оқушыларды оқытып-тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мұғалім мен оқушылардың қызмет құралы мен оқу информациясы ретінде оқу-тәрбие процесінде қолданылатын материалдық объектілері мен табиғаттың табиғи заттары.
Оқыту құралдары мазмұндылық, әдістер, ұйымдық формалар сияқты оқу жұйесі (жобадағы ұлгі) мен оқутәрбие процесінің, сонымен бірге кез келген оқу орнының материалдық-оқу базасының басты базасының да компоненті болып есептелінеді.
Педагогикалық ғылым мен тәжірибедегі сансалалы жүйелік құрылымдардың компоненті болып саналатын білім берудің материадық құралдары барлық басқа компоненттерге де ерекше ықпал етеді.
Сонымен қатар білім берудің мақсаты да, оның мазмұны да белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Дәлірек айтсақ, жаңа құралдар мен техникалық жаңалыктардың туындауына байланысты ғана оқу бағдарламаларына оқушылардың бұрынғы кездерде танысып-білуге мұмкіндік ала алмаған ғылым салаларының материалдары батыл түрде енгізілуде. Ал бұгінгі танда оқушылар жаңа техниканың аркасында білім алудың жаңа әдістері мен технологиясын меңгере отырып, өздерінің шығармашылық потенциалының көзін ашуға, табиғи қасиеттері мен қабілеттерін одан әрі дамытуға толық мұмкіндік алып отыр.
Оқу кұралдары жүйесінің қалыптасуы - білім беру құралдарының тұріне өзіндік белгілері бойынша классификациялық тұрғыдан жатқызуды ғана емес, сонымен қатар олардың дидактикалық қасиеттері мен қызметтерін білуді де қажет етеді.
Дидактикалық қасиеттер дегеніміз - оқу құралдарының басқалардан айырмашылықтарын көрсететін белгілері мен дидактикалық функцияларында (қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері. Дидактикалық қасиеттер тек қана оку құралдарына тән болып келетін мұмкіншіліктерді ғана қамтиды. Оқу-тәрбие жұмысында тұрлі әдістерді қолданудың объективтік тенденциялары (бағыттары) ретінде қарастырылатын дидактикалық мұмкіндіктер дидактикалық функциялар мен дидактикалық қасиеттердің өзара байланыстарына дәнекер болып отырады. «Дидактикалық қасиет» пен «дидактикалық мүмкіндік» ұғымдарының өзара жақындығынан да болар, педагогикалық әдебиетте оларды бірге қарастыру дәстұрге айналған.

Лекция 19. Тақырыбы: Оқыту формасы - дидактикалық категория ретінде.


1. Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия, практикумдар, семинарлар, үй жұмыстары, сынақ, консультация, емтихан, факультативтік сабақтар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет