Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиядағы алатын орны.
Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат-өзгешелігі жағынан да сан алуан. «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»— ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды елең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлең деуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді. Мұны елеңнің соңғы шумағынан әсіресе айқын байқаймыз:
Бүл қылған зарым
Барса жардың маңына,
Ол — қылған дэрім
Ғашығымның жанына,
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?
Мұңды сарынды мазмұн-мағынасы да, құрылыс-қалпы да айрықша күрделі өлең — «Сен мені не етесің?». Ол ғашық жарға арналып айтылған, сезім иірімдері мол, нағыз психологиялық монолог түрінде құрылған. Өлеңде ғашығын сарғая күткен жігіттің (лирикалық кейіпкердің) аласұрған жүрегінің толқыны, сүйгеніне жалынып-жалбарынған, күдіктенген, күдер үзген сезім күйі — әр сөздің айтылуынан да, өлең тармақтарының құбылмалы өрнекті ырғағынан да сезіліп түрғандай:
Шын ғашьщ мен саған!
Кейіп жүрсем,
Сені көрсем,
Ләм-мим деп
Бір сөз айтар
Хал жоқ,
Еріп кетер бой сол заман.
Ойыңды сен маған
Бір бөлмедің,
Тез келмедің
Мені іздеп,
Ішінде ыстық
Қан жоқ,
Тас бауыр жар, бол қош-аман!
Абай «Ғашықтық, қүштарлық пен — ол екі жол» деген өлеңінде:
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол,— десе,
«Сен мені не етесің» өлеңінде:
Серт бузғанның, біл, орны — шоқ,— дейді.
Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны деуге лайық. Біріншісінде ақын (айтушы) адал сезімін білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің (өлеңдегі жинакталған лирикалық кейіпкердің) ғашығына, сүйгеніне мені тастап басқамен мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп қимастықпен айтқаны байкалады.