Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит



бет22/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Бақылау сұрақтары:
1. Ағымдағы активтерге анықтама беріңіз және олардың классификациясын ашыңыз
2. Қандай құжаттардың негізінде касса бойынша операциялар көрсетіледі?
3. Кассалық кітапты жүргізу туралы айтып біріңіз
4. Кассадағы ақша есебі туралы айтып беріңіз
5. Қандай алғашқы құжаттардың негізінде банкте есептік шотында операциялар көрсетіледі.
6. Банктік сальдоны тексеру қалай болатыны түсіндіріңіз


Тақырып 8. Ағымдағы активтердің есебі: дебиторлық берешек

Мақсаты: дебиторлық берешекпен таныстыру


Глоссарий
Кәсіпорынның дебиторлық берешегі – кәсіпорын алдында сатып алушылырдың немесе басқа бизнес контрагнттерінің міндеттері деп түсіндіріледі, мысалы тауарлар үшін немесе көрсетілген қызметтер үшін ақша төлемдері бойынша берешегі.
Саудалы дебиторлық берешек – бұл жай шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында сатып алынған тауарлар немесе қызметтер үшін клиентпен төленуге тиіс сомасы.
Алынуға тиісті шоттар – бұл тауарды сатқанда сатып алушының жазбаша міндеттемесіз шотты төлеу кезінде пайда болатын дебиторлық берешектің түрі.
Ағымдағы валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.
Аралық қаржы есептілігі - не қаржы есептілігінің толық жиынтығынан не аралық кезеңдегі ықшамдалған қаржылық есептер жиынтығынан тұратын қаржы есептілігі.
Жоспар:

  1. Дебиторлық берешекті мойындау және бағалау

  2. Күмәнді дебиторлық берешектің есебі

  3. Өзге дебиторлық берешектің есебі




  1. Дебиторлық берешекті мойындау және бағалау

Кәсіпорынның дебиторлық берешегі – кісіпорын алдында сатып алушылырдың немесе басқа бизнес контрагнттерінің міндеттері деп түсіндіріледі, мысалы тауарлар үшін немесе көрсетілген қызметтер үшін ақша төлемдері бойынша берешегі. Жалпы дебиторлық берешек ағымдағы, бір жыл ішінде немесе операциялық кезен ішінде төленуі тиіс, және ағымдағы емес дебиторлық берешек болып бөлінеді.


Дебиторлық берешек бухгалтерлік баланстың активінде көрсетіледі және туындау көзіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

  • сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегі;

  • алынуға тиісті вексельдер;

  • берілген аванстар;

  • еншілес және тәуелді ұйымдардың берешегі;

  • өзге дебиторлардың берешегі.

Дебиторлық берешекті басқаруға жалпы қатынас. Берілген процестің бес негізгі қадамын ерекшелеуге болады, мыналарды анықтап:
1) тауарларды сатқанда несиені беру шарттары: оның мерзімі және жеңілдіктер жүйесін;
2) несие беру кепілдіктерін;
3) сатып алушының сенімділігі немесе төлеу ықтималдығы;
4) белгілі бір сатып алушыға берілетін несие сомасын;
5) дебиторлық берешекті «жинау» саясатян.
Дебиторлық берешек саудалы немесе саудалы емес болып та бөліне алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет