Берілген аванстар бойынша дебиторлық берешек. Жеткізуші мен сатып алушының арасындағы келісім-шартта сатып алушының аванс ретінде төлемі немесе жарым-жарты даярлық бойынша өнімдер мен жұмыстар үшін төлемі қарастырылуы мүмкін. Алдын ала төлемге қарағанда аванстық төлемде есептік құжаттар құрастырылмайды.
Құндылықтарды түсіргенде, жұмыстарды қабылдағанда, қызметтерді көрсеткенде сатып алушы жеткізушіден құнадалақтардың (жұмыстардың, қызметтердің) құнын көрсететін есептік құжаттарды алады. Берілген факт бойынша сатып алушының бухгалтерлік есебінде есептік құжаттарда көрсетілгендей жеткізушінің алдындағы кредиторлық берешегі есептеледі.
Қосылған құн салығы. ҚР салықтық кодексімен сәйкес кәсіпорындар бухгалтерлік есепте салықтарды есептегенде есептеу әдісін қолданылады. Қосылған құ салығы бойынша бухгалтерлік есепете 331 «төленуге тиісті қосылған құн салығы» шоты қолданылады.
Дебет бойынша сатып алынған тауарлы-матералдық құндылықтар, істелген жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін акцептелген шоттар бойынша ҚҚС сомалары көрсетіледі, кредит бойынша 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлермен есептесу» коррсепонденциялық шотында көрінеді.
ҚҚС сомасы 1420 шотында дебет бойынша есептелег, қоймаларға құндылықтардың фактілі түсуі осы шоттың кредиті бойынша жазылады, ал дебет бойынша 3130 «Қосылған құн салығы» шотында жазылады.
Есептелген пайыздар1270 «Алуға қысқа мерзімді сыйақылар» шотында көрсетіледі. Бұл шотта есептелген пайыздар бойынша (берілген несиелер бойынша, вексельдер, негізгі құралдардың жалы және басқалар бойынша) дебиторлық берешек туралы ақпаратты қамтиды. Бұл шот бойынша аналитикалық есеп несие алушы кәсіпорын, вексель беруші, жалға алушы бойынша жүргізіледі және берешектің пайда болу уақытына қарай проценттер бойынша ведомосте, айнымалы ведомость формасында, көрсетіледі.
Алдағы кезең шығындары. Шаруашылық қызметі процесінде кәсіпорындарда шығыстар пайда болады, және оларды келесі есептік кезеңдердің өндірістік шығындарына қосылуы керек. Мұндай шығыстарға келесі шығындар жатады: маусымдық өндірістік салалардағы өндірістік жұмстарға дайындалу бойынша, жаңа өндірістерді, цехтарды, агрегаттарды және кәсіпорындарды игеру бойынша; өндірістің жаңа өнімс түрлерін және тохнологиялық процестерін дайындау және игеру бойынша; өндірісті ұйымдастыру немесе кеңейту кезінде жұмысшыларды біруақытта массалық түрде жұмысқа алу бойынша; техникалық газеттерге және журналдарға жазылу бойынша; алдын ала төленген төлемдер және басқа шығыстар.
Алдағы кезең шығындары жыл сайын түгенделеді, өйткені бұл осы шот бойынша келесі жылға өтетін, қалдықтардың дұрыстығын, және өндірістік шығыстар деп есептен шығарылудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.