Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит


Саудалы дебиторлық берешек



бет23/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Саудалы дебиторлық берешек – бұл жай шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында сатып алынған тауарлар немесе қызметтер үшін клиентпен төленуге тиіс сомасы. Саудалық дебиторлық берешек кәсіпорынның дебиторлық берешегінің әдетте ең үлкен түрі болып табылады және ол шоттардың бөлімшесі және алынуға тиісті вексельдер деп қарастырылуы мүмкін.
Саудалық емес дедиторлық берешек әртүрлі операцияларды жүзеге асырғанда пайда болады. Мысалы, осындай берешекке мына шоттар жатады:

  1. Жұмысшылардың және басқа тұлғалардың берешегі.

  2. Еншілес және тәуелді кәсіпорындарға берілген аванстар.

  3. Алынуға тиісті пайыздар мен дивидендтер.

  4. Қойылатын талаптар:

- сәтсіз оқиға пайда болғанда сақтандыру компанияларға сақтандыру төлемдерін кешіктіру себептерімен;
- соттағы айыпкерге;
- салықты қайтару бойынша мемлекеттік органдарға;
- тауарларға зақым келтіргені үшін немесе доғалтқаны үшін көлік компанияларына;
- тауарларды қайтарып бергені үшін, зақым келтіргені үшін және жоғалтқаны үшін кредиторларға;
- қайтаруға жататын тауарлар үшін клиенттерге.

  1. Потенциалды шығындар мен зияндарды жабу үшін депозиттер.

  2. Төлем кепілдігі ретінде немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін депозиттер.

Алынуға тиісті шоттармен байланысты үш бухгалтерлік мәселе бар:

Дебиторлық берешпен байланысты операцияларды жүзеге асырған кезде, мойындалатын сома екі жақпен белгіленген айырбас бағасы болып табылады. Айырбас бағасын анықтау процесін екі фактор қиындата алады:

  • жеңілдіктердің болуы (саудалық жеңілдіктер және дер кезінде төлем жасау жеңілдіктері);

  • өткізу күнін және төлем жасау күнін бөлетін мерзімнің ұзақтылығы.

Дебиторлық берешекті бағалау мәселесі қаржылық есептілікті жасаған кезде пайда болады. Өткізудің таза құнын анықтау үшін, шоттар бойынша дебиторлық берешекті өтегеннен кейін, қандай таза сома алынуға көзеделтінін бағалау керек.
Дебиторлармен есептескенде бухгалетрлік есеп келесі мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті:

  • ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша және есептесу бойынша операцияларды дер кезінде және дұрыс құжаттардырылуын;

  • сатып алушылармен келісім-шарттарда белгіленгендей, есептесу формаларын сақтау бойынша бақылау жасау;

  • берешекті өтеу мерзімін өткізуді болдырмау үшін дебиторлармен есептесуді дер кезінде салыстыра тексеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет