Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит



бет24/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Алынуға тиісті шоттар – бұл тауарды сатқанда сатып алушының жазбаша міндеттемесіз шотты төлеу кезінде пайда болатын дебиторлық берешектің түрі.
Сонымен қатар алынуға тиісті шоттар есептеледі:

  • жоспарлы төлем ретінде есептескенде;

  • тауарлы-матералдық қорлар келіп түскенде табылған артықшылықтар туралы тапсырыс берушілерден келген хабарлама кезде.

Алынуға тиісті вексельдер. Егер контрагенттермен есептесу кезінде кәсіпорын төлем ретінде вексель алған болса, онда алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешек пайда болады.
Жай вексель – бұл талап бойынша және белгіленген мерзімде белгілі бір соманы төлеу міндеттемесі. Вексель бойынша төлемді алатын тұлға ремитент деп аталады.
Жай вексельдердің есебі кезінде келесі белгілердің маңыздылығын білу керек:

  • өтеу мірзімі;

  • веклеьдің мерзімі;

  • ссудалық пайыз және пайыздық ставка;

  • өтеу сомасы;

  • вексельдің есебі және есептік ставка;

  • есептік веклеь бойынша төлем.

Вексельдің соңғы күні – бұл вексель төленуге міндетті күн. Бұл мерзім бексельде белгіленуі керек немесе оны вексельде не белгіленгені екендігінен анықтауға болады.
Вексельдің мерзімі – вексельдің күндермен әрекеттілігінің ұзақтылығы. Вексельдің әрекет ету ұзақтылығын дұрыс есептеу өте маңызды, өйткені оның негізінде пайыздар есептеледі.
Ссудалық пайыз және пайздық ставка – бұл қарыздың құны немесе несие бергені үшін «сыйақы». Төленетін пайыздардың есебі үш мөлшерде негізделген: вексель сомасына, қарызға алынатын пайыз ставкасына және уақытына.
Өтеу күнінде вексель бойынша төленетін жалпы сома – өтелетін сома деп аталады. Ол вексельдін номиналдық құнынан және ссудалық пайыздан тұрады. Кей кезде пайызсыз вексель беріледі. Ондай жағдайда өтеу сомасы номиналдық құнына тең болады.



  1. Күмәнді дебиторлық есептің берешегі.

Тауарларды несиеге сатумен айналысатын кәсіпорындар өз тауарларын төлемқабілетті сатып алушыларға сатқысы келеді. Сондықтан көбінесе тауарларын несиеге сататын кәсіпорындар клиенттерге төлем мерзімі келгенде бақылау шараларын жасайды. Төлемқабілеттілікті бақылау жүйесі эффективті және жетілдірілген болса да, бірі бір кәсіпорында несие төлемеген клиент табылады. Сатып алушымен төленбеген шоттар күмәнді немесе үмітсіз қарыздар деп аталады, және олар зияндарға немесе тауарларды несиеге сату бойынша шығындырға жатқызылады.


Күмәнді қарыздар есебі бухгалтерлік есептің негізгі принципімен жүргізіледі – сәйкестік принципімен. Сату көлемі шығындарға сәйкесті болуы керек. Егер күмәнді қарыздар бойынша шығығндар тауарларды сатудан түскен табыстардық өсуінен пайда болса, онда олар сатудан түскен табыстардың есебінен жабылуы тиіс. Тауарды несиеген сатқанда, кәсіпорын тауардың төленетіні, не төленбейтіні білмейді. Сонымен қатар оның төленуі үшін бір жыл немесе одан да көп уақыт қажет болуы мүмкін.
Қаржылық есептілікті құрған кезде қандай шоттар төленетіні туралы алдын ала білу мүмкі емес, сондықтан күтілетін шығындарды жабатын жыл сомаларын есептеу керек. Кәсіпорынның бухгалтері ағымдағы экономикалық шарттарын ескере отырып өткен жылдар тәжірибесіне негізделіп, есептер жасайды. Мысалы, дағдарыс кезінде күмәнді қарыздар бойынша шығындар экономикалық өсі кезеңіне қарағанда көбірек болады. Бірақ күмәнді қарыздар сомаларына қатысты шешімдер әкімшілікпен шешіледі. Ол бухгалтермен жүргізілген аналитикалық жұмыс нәтижесінде алынған объективті ақпараттарға, және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалайтын белгілі жанама факторлардың мәліметтеріне негізделеді.
Бухгалтер есепті кезеңдегі бойынша үмітсіз қарыздардың көлемін есептеудің екі әдісін қолдана алады:

  • нетто-өткізу пайыздарымен;

  • төлем мерзімі бойынша шоттар есебі жолымен.

Бірінші әдістің мәні жалпы өткізу көлемінен үмітсіз қарыздардың сомасының пайызын анықтауда негізделеді. Күмәнді қарыздар бойынша резервтің құрылу пайызын есептеу үшін тауарларды, көрсетілген қызметтердің өткізілген көлемін және төленбеген шоттардың сомасына талдаулар жасау қажет.
Төлем мерзімі бойынша шоттар есебінің әдісі берешекті төлеу мерзім бойынша күмәнді талаптардың пайызын анықтауда негізделеді. Ол үшін барлық алынуға тиісті шоттарды топтастыру керек, олардың төлем мерзімдері:

  • келген жоқ

  • 1 күннен 30 күнге дейін

  • 31 күннен 60 күнге дейін

  • 61 күннен 90 күнге дейін

  • 90 кеннен артық.

Әр топ үшін күтілетін күмәнді қарыздардың пайызы анықталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет