Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит


Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі



бет40/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі

Ұзақ мерзімді берешектердің негізгі типтері – банктік несие, төлеуге облигация.


Банктік несие. Егер кәсіпорын белгілі бір жобаны жүзеге асыруды жоспарласа, онда оны қаржыландыру үшін заемдық қаражаттар тартылуы мүмкін. Оларға банктік несиелер жатады.
Банктік несие банктермен ақша түрінде қайтарымдылық, қамтамасыз етеудің негізде беріледі. Банктік несиені алу үшін кәсіпорын міндетті түрде банкке несиелік заявканы беру қажет. Онымен бірге жобаның технико-экономикалық негіздемесі, сонымен бірге қарыз алу кәсіпорынды сипаттайтын құжаттар болуы тиіс:
- құралтайшылық құжаттардың нотариалды бекітілген көшірмелер;
- соңғы үші жылдың бухгалтерлік есептіліктері;
- ішкі қржылық есептіліктер және ішкі есептің мәліметтері;
- басқа құжаттар.
Банк несиелік заявканы өзінің несиелік саясатына сәйкестілігін қарастырады, кәсіпорынның несие қабіілеттілігін және оның төлем қабілеттілігін талдайды. Егер несие заявкасян қабылдаса, онда қарыз алушы – кәсіпорын және банк несие келісімін ресімдейді. Несие шартына сәйкес банк – кредитор келісім шартта бекітілген көлемде және шарттарда ақша қаражаттарды беруге міндеттенеді, ал кәсіпорын – қарыз алушы бекітілген мерзімде алынған соманы және ол бойынша проценттерді төлеуге міндеттенеді. Несиелік шартта бекітіледі:

  • несиелік объектілер және несие мерзімі;

  • несиені беру реті мен шарттары және оның өтелуі;

  • міндеттемелерді қамтамасыз ету нысандары;

  • проценттік ставкалар және оларды төлеу реті;

  • міндеттер, құқықтар және жақтарды жауапкершіліктері.

Төлеуге облигациялар. Облигация - корпорациялар ақша қаражаттарын тарту үшін жиі пайдаланатын қаржылық құжат және сәйкесінше неғұрлым көп кездесетін ұзақ мерзімді берешек. Облигация ұстаушысының оны шығарған адамнан онда көзделген мерзімде нақты құнымен облигация немесе басқа мүліктік балама алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақты құнының онда балгіленген процентін не өзге де мүліктік құқық алуына да құқық береді. Облигацияның келе реквизиттері болуы тиіс:

  • кәсіпорынның атауы және орналасу жері;

  • облигацияның номиналды құны;

  • ұстаушысының атын (атаулы облигациялар үшін);

  • өтеу мерзімі;

  • төленетін проценттің деңгеі және мерзімі;

  • басшының қолы немесе басқа да уәкілетті тұлғаның қолы;

Облигациялар шығару жолымен қаражаттарды тарту кәсіпорынға басқа бағалы қағаздарды шығаруға қарағанда тиімдірек болады:

  • облигациялардың сатылуы неғұрлым тиімдірек өтуі мүмкін;

  • облигация түріндегі займдар кәсіпорын үшін тартылған қаражаттарға проценттерді төлеуге неғұрлым төмен шығындарға әкеледі;

  • кәсіпорынның облигацияларын ұстаушыларына осы кәсіпорынды басқаруанды құқық бермейді.

Облигациялар бойынша проценттер бағамның жарты жылдық құнына немесе қорытындысына тәуелсіз облигацияның номиналды қатынасы бойынша есептелінеді.

Әдебиет: 1 беттер 242-316. 3.4.


Бақылау сұрақтары:
1. Міндеттемеге анықтаманы беріңіз.
2. Міндеттемелерді жіктеңіз.
3. Еңбекақының негізгі түрлерін атаңыз.
4. Еңбектің уақытша жүйесі бойынша еңбекақыны есептеу тәртібі туралы айтып беріңіз.
5. Келесімді еңбекақыны төлегенде, еңбекақыны есептеу тәртібі туралы айтып беріңіз.
6. Облигация бұл не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет