Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит


Салық міндеттемелердің есебі



бет36/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Салық міндеттемелердің есебі. Салықтық міндеттеме болып Салық кодексімен сәйкес пайда болатын салық төлеушінің мемлекет алдыңдағы міндеттеме.
Корпоративті табыс салығы. Шаруашылық субъектілердің корпоративті табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 «Төлеуге тиіс корпоративті табыс салығы» пассивті шотының есептелінеді. Салық төлеушілер болып салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар.
Жеке табыс салығы. Салық жылында салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жиынтық жылдық табысқа табыстарды барлық түрлері жатады, сонымен бірге еңбек ақы түріндегі; кәсіпкерлік қызметтен табыстар; жеке тұлғалардың мүліктік табыстары.
Әлеуметтік салық ақша және натуралды нысанда төленетін, жұмысшылардың табыстармен кәсіпорынмен-жұмыс берушімен есептелінеді. – жер учаскіоерін пайдаланатын немес иесі болатын заңды тұлғалар.
Көлік құралдарына салық. Бұл салықты төлеушілер болып, көлік құралдарының меншік құқығында, шаруашылық жүргізу және оперативті басқару құқығы бар мемлекеттік тіркеуді тұратын заңды тұлғалар.
Мүлік салығы. Бұл салықты төлеушілер болып, меншік құқғы немесе оперативті басқару құқығы негізінде салық салу объектілері бар заңды тұлғалар жатады. Салық салу объектілері болып: кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, заңды тұлғаның негізгі құралдарының қалдық құны, көлік құрадар салығы салынатын көлік құралдардан басқасы.
Қосымша құн салығы Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет