Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит


Жауапкершілігі шектеулі серіктестік



бет42/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәекел етеді.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестк – қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік.



  1. Меншікті капиталды құрудың реті

Меншікті капитал өзінің пайда болуымен ұйымның меншік иесінің қаражаттары болады, оның көлемі кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесіне байланысты болады және кәсіпорынның барлық мүлкінің және кәсіпорынның міндеттемелері арасындағы айырмамен анықталады. Меншікті капитал келесі көздерден құрылады және толықтырылады:



  • кәсіпрынды құрғанда меншік иелермен салынған қаражаттардан;

  • өткен жылдардың таза табыстары және құрылтайшыларға дивидендтерді және табыстарды төлемдерді шегергенде жылдың есептілігі;

  • құрылтайшылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың қайырымды салымдары.

Кәсіпорынның меншікті капиталына кіреді:
Жарғылық капитал;
Қосымша төленген капитал;
Қосымша төленбеген капитал;
Резрвті капитал;
Тартып алынған капитал;
Бөленбеген табыс (жабылмаған зиян).


3. Серіктестіктің меншікті капиталдың есебі
Жарғылық капиталдың есебі. Меншікті капиталдың негізгі элементі жарғылық капитал болады, ол кәсіпорынның қатысушыларымен бастапқыда салынған салымдардың сомасы болып табылады. Жарғылық капиталдың құрылу реті мен өзгеруі заңнамамен және құрылтайшылық құжаттармен реттеледі. Жарғылық капитал есебінің ерекшелігі әртүрлі кәсіпорынның ұыймдастырулық-құқықтық нысанына байланысты болады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы қоғамның акцияларының номиналды құнынан құрылады. Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы қатысушылардың үлестерінен құралады. Жарғылық капиталдың сомасы тіркеу моментіне акционерлік қоғмның Жарғысында тіркеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет