Білім беру бағдарламасы: 6В07302 «Геодезия және картография»



бет18/29
Дата30.09.2022
өлшемі2,7 Mb.
#41000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
umkd geodeziyal k olsheulerdi metrologiyal k kamtamass z etu

Ұлттық эталонды елдін метрология бойынша ұлттық ұйымдарында бастапқы өлшеу құрал ретінде бекітеді. Ресейде ұлттық (мемлекеттік) эталондарды РФ Мемлекеттікстандарты бекітеді.
Халықаралық эталондарды Халықаралық өлшем және салмақ бюросында (ХӨСБ) сақталады және қарастырады. ХӨСБ әрекетінің маңызды міндеті халықаралық эталондары мен әртүрлі елдердің ірі метрологиялық зертханаларында ұлттық эталондарын халықаралық жүйесіне қосу, сондай-ақ бір-біріне қосу, ол халықаралық экономикалық байланыстардың шарттар ретінде өлшемнің дұрыстығын, дәлділігін және бірлігін қамтамасыз етуге қажет. СИ жүйесінің негізгі шамаларының стандарттары да, туындылары да салыстыруға жатады.
Салыстырудың белгілі бір кезеңдері белгіленді. Мысалы, метр мен килограмның стандарттары әр 25 жыл сайын, ал электрлік және жарық стандарттары 3 жылда бір рет салыстырылады.
Физикалық шамалардың халықаралық бірлік эталондары Халықаралық шама және салмақ бюросында (ХСШБ) сақталады.
Халықаралық заттық шама-эталондарына килограмның прототипі платиндік-иридиялық гирясы кіреді. Бірақ сондай заттық эталондары бұзылу және уақытқа сай өзгеру мүмкін. Сондықтан метрологтар таза заттардың қасиеттерін немесе тәбиғы дене және құбылыстарын қолданып, физикалық шамаларының бірлігін жаңғырту әдістерін табуға әрдайым ұмытылады.
Эталондарды сақтауы күрделі метрологиялық кешенді жұмыстар болып табылады. Бір жағынан, эталонның сақталуын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, екіншіден – эталоннан бірліктер шамасы жан-жақтағы адам әрекет аумақтарына қолдану үшін қажетті дәлдігі мен берілуі тиісті.
Мемлекеттік эталондары Мемлекеттік стандарт комитеті мен бекітіледі және мемлекеттік эталондардың орталығы немесе бас орталығы болатын елдің метрологиялық институттарында сақталады.
Халықаралық СИ жүйе бірлігінің негізгі бірліктерін жаңғыртуы мемлекеттік эталондардың көмегімен, яғни орталықтандырылған тәртіппен іске асырылады.
Қосымша және туынды бірліктерді жаңғыртуы технико-экономикалық мақсатқа лайықты екі әдістің біреуі мен іске асырылады:
1) орталықтандырылған – бүкіл ел үшін бірдей мемлекеттік эталонның көмегімен;
2) децентрализацияланған – метрологиялық қызметтерінде үлгілі аспаптардың көмегімен орындалатын, жанама өлшеу арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет