Салыстыру эталондары бір-бірімен қандай бір себептермен тікелей қосыла алмайтын эталондарды қосу үшін қолданатын екінші эталон.
Куәгер эталон – бұл мемлекеттік эталондардың сақталуын тексеру және бүлініп немесе жоғалған жағдайда ауыстыруға арналған екінші эталон.
Жұмыс эталон үлгілі жоғары дәлдікті өлшеу құралдарына және қажетті жағдайда ең дәл жұмыс өлшеу құралдарына бірлік мөлшерін беру үшін қолданылатын екінші эталон.
Екінші эталондары жеке эталон, топтық эталон немесе эталондық жиынтық кешенді өлшеу құрал түрінде іске асырылады.
Жеке эталон бір типті басқа өлшеу құралдардың қатыссыз өзі бірліктердің жаңғыртуды немесе сақтауды қамтамасыз ететін, бір өлшеу аспаптан немесе бір өлшеу қондырғыдан және бір шамадан турады. Жеке эталондардың мысалы ретінде салмақ бірліктің екінші эталон – платино-иридиялық және болат гирі түріндегі килограм қызмет етеді.
Топтық эталон бірлікті сақтау сенімділігін жоғарлату үшін өлшеу аспаптар немесе басқа өлшеу құралдар қолданатын, бір типті шамалардың жиынтығынан құрылады.
Топтық эталонда сақталатын бірлік мөлшері топтық эталонның құрамына кіретін жеке шамалар және өлшеу аспаптар мен жаңғыртылатын шамалардың арифметикалық орташа мәні мен анықталады.
Топтық эталонға кіретін жеке шамалар мен өлшеу аспаптарды жеке жұмыс эталон ретінде қолданады, егер олар бірлікті сақтау шарты бойынша мүмкін болса.
Топтық эталондардың тұрақты және ауысмалы құрамдары болады. Топтық эталонның ауысмалы құрамына мезгілінде жаңаға ауыстырып тұратын шамалар және өлшеу аспаптар кіреді.
Эталондық жиынтығы өлшенетін шамалардың әртүрлі мәндерге немесе әртүрлі аймақтағы мәндерге арналған бөлек өлшемдер немесе өлшеу аспаптардың жиынтығы мен белгілі бір диапазонда шаманы өлшеу немесе бірлікті сақтай алатын өлшеу аспаптардың жиынтығы немесе өлшем жиынтық түрінде болатын эталон болып табылады.
Топтық эталондардың эталондық жиынтығы тұрақты және ауысмалы құрамында болу мүмкін.
Ең бірінші ресми түрінде бекітілген эталондары 1799 ж. Францияның ұлттық архивына сақтауға берілген, Францияда дайындалған, метр және килограмның прототиптері болып саналады, сондықтан оларды “Архивтік метр” және “Архивтік килограм” деп атайды. 1872 ж. бастап килограм “Архивтік килограм”-ның салмағына тең ретінде анықтамасы берілді. Халықаралық СИ жүйесінің әр негізгі немесе туынды эталондардың ғылыми зерттеулермен және эксперименттер мен байланысты өзінің тарихтары бар.
Мысалы, 1791 ж. Францияның Ұлттық жиналыста эталон метр париждік меридиан дуганың төртінші бөлігінің ондық миллиондық бөлігіне тең деп қабылдады, бірақ 1837 ж. қайта қарастырып, Франция ғалымдар меридианның төртінші бөлімінде 10 миллион емес, 10 миллион 856 метр екенің белгіледі. Сол сияқты, еңгізілген өзгерістер көп емес болса да, Жердің мөлшер және формасына өзгеріс еңгізгенде белгілі болады. Осыған байланысты 1872 ж. Петербургтың ғылыми академиясының ғалымдар метр эталонға өзгеріс еңгізу туралы мәселені мақсатқа сай шешу үшін халықаралық комиссияны құру ұсыныс жасады. Комиссия жаңа эталон құру шешім қабылдаған жоқ, ал ұзындықтың бастапқы бірлік ретінде Францияда сақталатын “Архивтік метрді” қабылдады. 1875 ж. Халықаралық метриялық конвенциясы қабылданды. Осы жылды метрологтар метрді халықаралық ұзындық бірлікте екінші рет туыды деп есептейді.
Усынылатын әдебиеттер
1 Крылова Г.Д., Основы стандартизации, сертификации и метрологии. – М.: “Аудит”, 1999. – 462с.
2 Шишкин И.Ф., Теоретическая метрология. – М.: Изд-во стандартов, 1990. – 252с.
3 Сергеев А.Г., Латышев М.В., Сертификация. Учебное пособие. – Изд-во С32. М.: Логос, 2001. – 462с.
4 “Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңы, Астана қ.
СДЖ арналған бақылау тапсырмасы (2 тақырып, 6 дәріс) [5,8,9,14] (2 сағат)
1 Шама бірліктердің эталондар және оларды сақтау
2 нормативтік құжаттары