Өлшеу жабдықтар – деп бұл шаманы өлшеу көмекші құралдар. Олар егер жоғары дәлдікті талап етсе, өлшем нәтижесіне түзетуін есептеуге қажет болады. Мысалы, термометр көмекші құрал болу мүмкін, егер ол құралдың көрсеткіштері нақты белгіленген температурамен анықталса.
Өлшеу жабдықтар көмекші құралдардың қателікпен байланысты өлшеу нәтижесіне қателіктерді еңгізіп отыратыны есте болу қажет.
Метрологиялық міндеті бойынша – жұмыс өлшеу құралдар және эталондар деп екі түрге бөлінеді.
Жұмыс өлшеу құралдар техникалық құрылғының, технологиялық үдістердің, қоршаған ортаның және т.с.с. шамашарттарды анықтауға қолданылады. Жұмыс құралдар зертханалық (ғылыми зерттеулерге арналған), өндірістік (берілген технологиялық үдірістерін бақылау мен қамтамасыз етуге арналған), далалық (самолет, автомобиль, кеме және т.с.с. арналған) болу мүмкін. Жұмыс құралдың осы түрлердің әр біреуідің ерекше айырмашылығы бар.
Зертханалық өлшеу құралдар – ең дәл және сезімталды, олардың көрсеткіштер жоғары тұрақтылығы мен сипатталады.
Өндірістік зертханалық құрал – аспап көрсеткіштің дәлдігі мен дұрыстығына әсер ететін өндірістік үдірістің әр түрлі факторлардың (температура, ылғалдығы, вибрация және т.с.с.) әсеріне тұрақты болып келеді.
Далалық әрдайым өзгеріп тұратын сыртқы әсердің жағдайына жұмыс істейді.
Усынылатын әдебиеттер
1 Крылова Г.Д., Основы стандартизации, сертификации и метрологии. – М.: “Аудит”, 1999. – 462с.
2 Шишкин И.Ф., Теоретическая метрология. – М.: Изд-во стандартов, 1990. – 252с.
3 Сергеев А.Г., Латышев М.В., Сертификация. Учебное пособие. – Изд-во С32. М.: Логос, 2001. – 462с.
4 “Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңы, Астана қ.
СДЖ арналған бақылау тапсырмасы (2 тақырып, 5 дәріс) [5,8,9,14] (2 сағат)
1 Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметтер
Эталон ерекше өлшеу құрал болып табылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін физикалық шамалар бірліктердің ұқсастығы қажет.
Өлшем бірлігі физикалық шамалардың белгіленген бірліктерін сақтау мен дәл жаңғырту және олардың өлшемін қолданылатын өлшеу құралына беру жолымен жетілдіреді.
Бірлік өлшемі эталондар және үлгілі өлшеу құралдардың көмегі мен жаңғыртады, сақталады және беріледі.
Өлшем бірлігінің мөлшерін беру метрологиялық тізбегінің жоғарғы түйіні эталон болып табылады.
Эталон — деп бұл басқа өлшем құралдарына мөлшерді беру мақсатымен шама бірліктерін сақтау және жаңғыртуға арналған жоғары дәлдікті өлшем. Эталоннан шама бірліктер дәрежелік эталонға беріледі, ал одан жұмыс өлшеу құралдарына беріледі.
Эталондары бастапқы, екінші және жұмыс деп топтастырлады.
Бастапқы эталон— деп бұл берілген өлшем аумағында қазіргі жағдайдағы ғылыми-техникалық жетістіктерін қолданып физикалық шама бірлігін жоғары дәлдікте беретін эталон. Бастапқы эталон ұлттық (мемлекеттік) және халықаралық болу мүмкін.