Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы


Гетерогенді және металдық-лигандтық тепе-теңдік. Комплексті қосылыстар



бет13/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Гетерогенді және металдық-лигандтық тепе-теңдік. Комплексті қосылыстар

Сабақтың қорытындысы бойынша студент қабілетті болады:



  • тепе-теңдік константаларының мәнін қолдана отырып жүйенің тепе-теңдік күйін сипаттауға;

  • ерітіндідегі иондардың тепе-теңдік концентрацияларын есептеуге және тепе-теңдік күйін сандық түрде сипаттауға;

  • қышқылдық-негіздік, гетерогендік тепе-теңдіктерді және комплексті қосылыстар ерітінділеріндегі тепе-теңдікті қарастыруда Ле-Шателье принципін қолдануға;

  • аттас иондардың жүйедегі тепе-теңдік күйге әсерін сипаттауға;

  • тепе-теңдіктің негізгі түрлерін сипаттауға, сонымен қатар ағза тіршілігіне бәсекелес процестер мен біріктірілген тепе-теңдіктің енуін көрсетуге қабілетті болады.



Әдебиеттер
Негізгі:
1. Мырзакожа Д.А. Химия бойынша нұсқаулық. Оқулық. -Алматы, «Medet group», 2021.-258-260 б.
2. https://elib.kz/ru/search/read_book/688/ Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы - Алматы: «Эверо», 2020.- 5 тақырып.
Қосымша:
3. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 309-326; 624-686; 725-759 б.
4. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Карлова Э.К., Батырбаева А.А. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия [Мәтін]: Есептер мен жаттығулар жинағы /-Алматы:Эверо,2013.-119-141 б.
Электрондық ресурстар:

  1. https://www.youtube.com/channel/UCLWHAMhQU25OnnIjbSy3Baw?view_as=subscriber



Сабаққа дайындалу үшін сұрақтар:

  1. Гетерогенді тепе-теңдік. Ерігіштік константасы. Гетерогенді тепе-теңдіктің сандық сипаттамасы.

  2. Тұнба түзілуіне әсер ететін факторлар. Тұнбаның түзілу және еру шарттары.

  3. Ерігіштікке ерітінді рН-ң және аттас ионды қосудың әсері.

  4. Тірі ағзадағы гетерогенді тепе-теңдіктер. Гидроксиапатиттер. Тіс және сүйек ұлпаларының құрамы.

  5. Гетерогенді тепе-теңдіктегі Ле-Шателье принципі.

  6. Комплексті қосылыстардың құрылысы. d-элементтердің комплекстүзушілер ретіндегі ерекшеліктері. Комплексті қосылыстардың номенклатурасы.

  7. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплексті ионның тұрақтылық және тұрақсыздық константалары. Комплекстүзу тепе-теңдіктегі Ле-Шателье принципі.

  8. Полидентантты лигандалар. Полидентантты лигандалармен комплексті қосылыстардың түзілуі.

  9. Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар. (қазақша, орысша және ағылшынша үш тілде талқыланады). Металл-лигандты гомеостаз туралы түсінік.

  10. Комплексондар. Комплексті қосылыстардың медицинада қолданылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет