Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет2/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
КАЗ Метод указания ОМ 2023 24 Химия 1 курс

Электрондық ресурстар:

  1. Химия кафедрасының дәрістері. https://www.youtube.com/channel/UCLWHAMhQU25OnnIjbSy3Baw?view_as=subscriber



Сабаққа дайындалу үшін сұрақтар:

  1. Биогенді элементтер. Биогенді элементтердің жіктелуі. Дальтон молекулалық массаны есептеу бірлігі ретінде.

  2. Биогенді s-, p-, d- элементтер, олардың биологиялық рөлі және қосылыстарының медицинада қолданылуы.

  3. Атомдар мен иондар электрон бұлттарының құрылысының сипаттамасы, олардың түзілетін байланыс түріне әсері. Химиялық байланыстар түрлері және олардың негізгі сипаттамалары. Ван-дер Ваальс күштері.

  4. Эндемиялық аурулар: себептері, алдын алу әдістері.

  5. Улы металдардың адам денсаулығына тигізетін әсері.

  6. Медицинада қолданылатын радиоактивті элементтер. Радиацияның биологиялық әсері.

  7. Молекула құрылысы мен заттың биологиялық белсенділігінің өзара байланысы. Элементтердің синергизмі және антогонизмі.



Сабақты жүргізу форматы: Кіріспе сабақ. Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау, жазбаша сұрау.
Сабақтың басында ұйымдастыру мәселелері мен пән саясаты талқыланады.
Мектептегі химия курсының білім деңгейіне бақылау жүргізіледі (баға қойылмайды).


Сабақты бақылау түрі: Баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу).


Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар (оқытушының қалауы бойынша):

  1. Келтірілген элементтерді сәйкес топтарға бөліп жазыңыз (бір элемент бірнеше топқа жатуы мүмкін): K, Na, P, C, Mn, S, O, I, Mg, Pb, Fe, Ca, H, Hg, Cl.

    Органогендер

    Макроэлементтер

    Микроэлементтер

    Өмір металдары

    Улы элементтер
















  2. Натрий және хлор атомы мен ионының электрон бұлттарының құрылысын жазыңыз. Қайсысының радиусы салыстырмалы үлкен болады – атомның әлде ионның? Неліктен?

  3. Натрий және калий иондарының радиустарын салыстырыңыз. Қай жағдайда заряд тығыздығы үлкен болады? Қандай ион көбірек гидраттанған болады?

  4. Сутектің байланыс түзілуі үшін не қажет? Келесі келтірілгендердің ішінен сутектік байланыс мүмкін болатын қосылыстарды таңдаңыз және оны салып көрсетіңіз HI, H2S, H2O, HCl, HF, NO2, этанол, диметил эфирі.

  5. Таулы мекендерде әдетте тағам өнімдерінде иодтың жетіспеушілігі байқалады. Бұл жетіспеушілік қандай ауруға әкелуі мүмкін? Аурудың бұл түрі қалай аталады? Оның алдын алу үшін қандай шаралар қолдануға болады?

  6. Не себепті стронций ионыя кальций ионының антагонисті болып табылады? Радиоактивті изотоп стронций-90 адам ағзасына қалай әсер етеді?

  7. Галоген иондардың: фтордың, хлордың, бромның, йодтың биологиялық рөлін сипаттаңыз. Олардың қосылыстары медицинада қалай қолданылады?

  8. Кальцийдің биологиялық рөлі. Оның жетіспеушілігі мен артықшылығынан туындайтын аурулар.

  9. Қанның осмостық қысымын қандай иондар туындатады? Сүйек тінінің негізін қандай элементтер құрайды?

  10. Тірі ағзаға улы әсер ететін элементтерге мысалдар келтіріңіз. Олар табиғатта қалай пайда болады? Олардың улылығы қалай білінеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет