Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет15/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
КАЗ Метод указания ОМ 2023 24 Химия 1 курс

ОСӨЖ үшін тапсырмалар:

  1. AgSCN ерігіштік константасы 1,1.10-12-ні құрайды. Осы қосылыстың судағы ерігіштігін (моль/л) табыңыз.

  2. Егер 1 литр AgCl қаныққан ерітіндісіне (Ks=1.10-10) 0,1 моль NaCl қосса ерітіндідегі иондардың концентрациясы қалай өзгереді?

  3. Магний гидроксидінің ерігіштігі 18оС-та 1,7.10-4 моль/л-ге тең. Берілген температурада Mg(OH)2 ерігіштік константасын табыңыз.

  4. Ag2МоО4 ерігіштік константасы 2,810-9-ні құрайды. Күміс молдибдатының судағы ерігіштігін (моль/л, г/л) табыңыз.

  5. Көлемі 750 мл магний карбонатының қаныққан ерітіндісіндегі оның массасын анықтаңыз. KS(MgCO3)=2.110-5.

  6. Келесі қосылыстарды атаңыз және орталық атомның тотығу дәрежесін анықтаңыз: (а) [CrCl(H2O)5]SO4; (б) [ZnCl2(NH3)2].

  7. Берілген комплексті қосылыстардың біріншілік және екіншілік диссоциациялану теңдеуін және тұрақсыздық константасы үшін өрнегін жазыңыз: K4[Mn(CN)6], [CrCl(H2O)5](NO3)2 , [СоF3(H2O)3].

  8. Комплексті қосылыстардың формуласын жазыңыз және олардың құрылымын сипаттаңыз: (а) калийдің (IV) пентанитробромоплатинаты; (б) гексаамминникельдің (II) хлориді.

7. Видеодәрістерлі қарап шығу (https://youtu.be/t9CoEbhnNXw ) және сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарға жауап беру


СӨЖ үшін тапсырмалар: Адам ағзасындағы гетерогенді және металды-лигандтық тепе-теңдіктерге мысалдар келтіріңіз. Бұл тепе-теңдіктерге қандай факторлар әсер етеді және қалай? Тірі ағзада кездесетін комплексті қосылыстарға мысалдар келтіріңіз.
6 сабақ


Беттік құбылыстардың физика-химиясы. Хроматография

Сабақтың қорытындысы бойынша студент қабілетті болады:



  • беттік құбылыстарды сипаттауға және жіктеуге;

  • жылжымалы және жылжымайтын бөліну беттері аралығындағы еріген заттың адсорбциясын және беттік активтілігін есептеуге;

  • заттарды хроматографиялық бөлу процесінің және ионалмасу процесінің мәнін түсіндіруге;

  • хроматографиялық әдістердің медициналық-биологиялық мақсатта қолданылуын сипаттауға;

  • полярлығы әр түрлі сұйықтықтар шекарасындағы дифильді молекулалардың адсорбциясын сипаттауға және беттік хабаттағы молекулалардың бағытталуын түсіндіруге қабілетті болады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет