Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет9/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
КАЗ Метод указания ОМ 2023 24 Химия 1 курс

ОСӨЖ үшін тапсырмалар:
1. Келесі ерітінділерді: а) 750 г 15%-дық HCl; б) 200 мл 0,01 М KMnO4; в) 250 мл 0,2 н СаCl2 даярлау үшін қажетті ерігін зат және судың массасын анықтаңыз. (сұйылтылған ерітінділер тығыздығын 1г/мл-ге тең деп есептеңіз).
2. Калий хлоридін қолдану көрсеткіштері-гипокалиемия, интоксикация, әртүрлі текті аритмия., құрамында 245,7 г тұз бар ерітіндідегі калий хлориді мен судың молярлық, моляльдік концентрациясын және мольдік үлесін есептеңіз, егер ρ = 1,131 г/мл болса.
3. Медициналық тәжірибеде гормоналды препарат адреналин ерітінді түрінде қолданылады. Ампулада 1 мл 0,1%-дық ерітінді бар (ρ = 1 г/мл). Осы ерітіндідегі адреналиннің молярлық концентрациясын және ағзаға енгізілген 1 мл ерітіндідегі адреналиннің массасын анықтаңыз. Мадр.= 219,7 г / моль
4. Массасы 2,76 г глицерин 200 г суда ерітілген. Осы ерітінді қандай температурада қатады?
5. 5 г қандай да бір бейэлектролит 500 г суда ерітілген. Алынған ерітіндінің қату температурасының төмендеуі 0,102 К-ге тең деп есептеп, оның молекулалық массасын анықтаңыз.
6. 100,2оС-та қайнайтын ерітінді алу үшін 250 г суда неше грамм сахарозаны еріту қажет?
7. Видеодәрістерлі қарап шығу
(https://youtu.be/bi_NSQOvv7Y ;
https://youtu.be/0X_KMUJzJhI ;
https://youtu.be/6HpGV1CwLSk ) және сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарға жауап беру.


СӨЖ үшін тапсырмалар: Қандай ерітінділер қан плазмасына изотонды болып табылады? (жауап үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) беріледі). Медициналық тәжірибеде қолданылатын изотонды және гипертонды ерітінділерге нақты мысалдар келтіріңіз. Олардың концентрациясы қандай? Әсер ету принципі?
4 cабақ


Протолиттік тепе-теңдік және процестер. Буферлік ерітінділер

Сабақтың қорытындысы бойынша студент қабілетті болады:



  • қышқылдар, негіздер және буферлік ерітінділердің сутектік көрсеткішін (рН) есептеуге

  • ағзадағы буферлік жүйелерді мысалға ала отырып буферлік әсер ету механизмінің мәнін түсіндіруге

  • құрамы белгілі буферлік ерітіндінің рН-ң мәнін есептеуге және ерітіндінің буферлік сыйымдылығын қышқыл мен негіз бойынша есептеуге

  • қышқылдық-негіздік гомеостаздың мәнін және оны ағзада бір деңгейде ұстап тұру механизмін түсіндіруне

  • ацидоз мен алкалоз күйлерін адам ағзасындағы патологиялық ауытқулар ретінде сипаттауға

  • есептеу үшін қажетті мәндерді табу үшін анықтамалық әдебиеттерді дұрыс қолдана білуге





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет