Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет11/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау. Ауызша/жазбаша сұрау.


Сабақты бақылау түрі: Баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу).


Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар (оқытушының қалауы бойынша):

  1. OH- иондарының концентрациясын және ерітінді рН-н есептеңіз, егер H+ иондарының концентрациясы (моль/л): а) 2∙10-3; б) 3,2∙10-7-ге тең болса. Бұл ерітінділерде реакция ортасы қандай?

  2. 10 л ерітіндіде 3,7 г калий гидроксиді бар деп есептеп, ерітінді рН-н табыңыз.

  3. Асқазан сөлінің рН-н есептеңіз, егер оның активті қышқылдығы 0,04 моль/л-ге тең болса.

  4. Протон концентрациясының өзгеру диапазоны 1.10-7 ÷ 1,6.10-8 моль/л аралығында болғанда тіршілікке үйлесімді күй болып табылады. Осы күйге сәйкес рН мәнінің шегін анықтаңыз.

  5. Фосфор қышқылының диссоциациялану теңдеуін үш саты бойынша жазыңыз және әр сатысы үшін диссоциациялану константасының өрнегін жазыңыз. Бұл константалардың кестедегі мәні сәйкес тең 7,52·10-3; 6,31·10-8; 1,26·10-12. Қышқылдардың күші жайлы не айтуға болады?

  6. Концентрациясы 0,1 моль/л және диссоциациялану константасы Ка 10-9-ға тең бір негізді әлсіз қышқылдың диссоциациялану дәрежесі  нешеге тең?

  7. HCl ерітіндісіне NaCl ерітіндісін қосқанда оның рН мәні қалай өзгереді?

  8. Құмырсқа қышқылы ерітіндісінің молярлық концентрациясын табыңыз, егер берілген ерітіндіде оның диссоциациялану дәрежесі 0,05-ке, ал диссоциациялану константасы Kа = 2,1.10-4-ге тең болса.

  9. Сыртқы антисептикалық құрал ретінде бор қышқылының сулы ерітіндісі қолданылады. 2л ерітіндіде 12,4 г қышқыл бар деп есептеп, бор қышқылының Н3ВО3 иондану дәрежесін бірінші саты бойынша есептеңіз. (Ка = 5,8∙10-10).

  10. 250 мл құмырсқа қышқылының 0,2 М ерітіндісі мен 100 мл натрий формиатының 0,5М ерітіндісін араластыру арқылы алынған буферлік ерітіндінің рН мәнін есептеңіз. (Ка(НСООН)=1,8·10-4)

  11. 1 л буферлік ерітіндіде 0,1 моль NH4OH және 0,1 моль NH4Cl бар. Осы ерітіндінің рН-н есептеңіз. (рК (NH4OH) = 4,75). Ерітіндіні сумен 10 есе сұйылтқанда рН қалай өзгереді?

  12. рН мәнін бір бірлікке өзгерту үшін 10 мл ацетатты буферлік ерітіндіге 0,52 мл 1М NaOH ерітіндісін қосты. Осы ерітіндінің буферлік сиымдылығын негіз бойынша есептеңіз (моль/лбірл.рН).

  13. *100 мл CH3COOH 0,1М ерітіндісі мен 200 мл CH3COONa 0,2М ерітіндісінен тұратын ацетатты буферлік ерітіндінің рН-н есептеңіз. Kа(CH3COOH) = 1,7510–5 . Осы буферлік ерітіндіге 30 мл NaOH 0,2 М ерітіндісін қосқанда рН-ң мәні қалай өзгереді? Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз.

  14. *1 л ерітіндіде 18,4г құмырсқа қышқылы мен 68 г натрий формиаты бар деп есептеп, буферлік ерітіндінің рН-н анықтаңыз. рК(HCOOH) = 3,75. Ерітіндіні 50 есе сұйылтқанда рН-ң мәні қалай өзгереді? Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз.

  15. Гидрокарбонатты, нәруызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмін түсіндіріңіз. Адам ағзасындағы тіршілік процестерінің қалыпты жағдайын қамтамасыз етудегі олардың биологиялық ролі қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет