Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет17/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау, тапсырмаларды орындау. Ауызша/жазбаша сұрау.


Сабақты бақылау түрі: баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу)


Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар мен сұрақтар (оқытушының қалауы бойынша):

  1. Мысалдар келтіріңіз: (а) физикалық және химиялық адсорбцияға; (б) беттік активті және беттік активті емес заттарға; (в) дифильді молекулаларға (гидрофильді және гидрофобты бөліктерін көрсетіңіз). Гомологтық қатарларда беттік активтілік қалай өзгереді?

  2. Пропанол, гексанол және бутанол ерітінділері үшін беттік керілу изотермаларын схема түрінде бейнелеңіз. Су-ауа және бензол-су бөліну беттері аралығында қаныққан адсорбциялық қабатта БАЗ молекулаларының бағытталуын схема түрінде бейнелеңіз.

  3. Метанолмен уланғанда уға қарсы құрал ретінде этанол қолданылады. Этанолды бұлай қолдануға негіздеме беріңіз.

  4. Концентрациясы 1М-ге тең: а) қанттың; б) сірке қышқылының; в) натрий сульфатының; г) натрий стеаратының ерітінділері бар. Ерітінділерді олардың беттік керілуінің артуы бойынша орналастырыңыз. Беттік активті заттарды дәлелдеу арқылы айқындаңыз.

  5. Күшті электролиттердің адсорбциясының ерекшеліктері қандай? Таңдамалы адсорбция қандай ережеге бағынады?

  6. Полярлы және полярсыз адсорбенттерге мысалдар келтіріңіз. Адсорбция адсорбенттің меншікті қабатына қалай тәуелді болады? Судан фенолды жою үшін адсорбент ұсыныңыз. Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.

  7. (а) Күміс хлоридінің; (б) кальций фосфатының кристалл торын жетілдіре алатын иондарға мысалдар келтіріңіз.

  8. Берілген концентрация аумағында пропион және май қышқылдарының сулы ерітінділеріндегі беттік активтіліктерін салыстырыңыз:

    С, моль/л

    σ, мН/моль

    Пропион қышқылы

    Май қышқылы

    0,0312

    69,5

    65,8

    0,0625

    67,7

    60,4

  9. Новокаин мен кокаиннің ерітіндідегі концентрациясы 0,2 моль/л-ден 0,15 моль/л-ге дейін төмендегенде новокаин ерітіндісінің беттік керілуі 6,9∙10-2Н/м-ден 7,1∙10-2Н/м-ге, ал кокаин ерітіндісінікі 6,5∙10-2 Н/м-ден 7,0∙10-2 Н/м-ге дейін артты. 25оС температурада берілген концентрация аумағында осы екі заттың беттік активтілік және адсорбция мәндерін салыстырыңыз.

  10. Берілген температурада ерітінді концентрациясы 0,2 моль/л БАЗ қандай да бір адсорбентпен 2,96∙10-3 моль/г мөлшерде адсорбцияланады. Адсорбенттің адсорбциялық сиымдылығын Г (моль/г) есептеңіз, егер константа мәні 0,07 моль/л құраса.

  11. Қант диабетімен ауыратын науқастардың қанында бір тәулік ішінде жиналатын кетон денелерінің концентрациясы 0,2 моль/л-ге жетеді. Егер адсорбенттің сыйымдылығы 3·10-3 моль/г, ал Лэнгмюр тұрақтысы 6·10-2 моль/л тең болса, гемосорбция кезінде қаннан кетон денелерінің қандай мөлшері адсорбцияланады?

  12. *АДБ адсорбентінің сиымдылығы холестерин бойынша 0,7 мкмоль/г құрайды. Массасы 5г адсорбентте 4,8 мкмоль/мл холестерин бар қан плазмасынан холестериннің қандай массасы адсорбцияланады, егер К=2 мкмоль/мл, ал холестериннің молярлық массасы 386,6 г/моль-ге тең болса? Плазмада холестерин концентрациясы 5,4 мкмоль/мл-ге дейін артатын болса адсорбция мәні қалай өзгереді?

  13. Ионалмасу хроматография әдісі арқылы суды тазалау процесінің мәнін түсіндіріңіз. Реакция теңдеулерін келтіріңіз.

  14. Адсорбциялық хроматография әдісінде заттарды бөлу қалай жүретіндігін түсіндіріңіз. Бұл әдіс неге негізделген?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет