Байланысты: КАЗ Метод указания ОМ 2023 24 Химия 1 курс
ОСӨЖ үшін тапсырмалар:
1. Адсорбция изотермасы қандай тәуелділікті көрсетеді? Адсорбция изотермасына мысалдар келтіріңіз. Бір графикте май, пропион және сірке қышқылдарының беттік керілу изотермаларын схема түрінде бейнелеңіз. Бірдей температурада концентрациялары бірдей деп алып, сірке және пропион қышқылдарының беттік активтіліктерін салыстырыңыз.
2. Суға: а) пропил спиртін; б) натрий хлоридін; в) сабын қосқанда оның беттік керілуі қалай өзгереді?
3. Су-май бөліну беттері аралығында дифильді зат молекулалары қалай адсорбцияланады? Олардың бағытталуы неге тәуелді? Дифильді молекулалардың қос қабатының құрылымын, сулы ерітіндідегі беттік активті заттардың мицелласының құрылымын, липосоманың, полярсыз ерітіндідегі кері мицелланың құрылымын келтіріңіз.
4. Берілген концентрация аумағында пропион және май қышқылдарының сулы ерітінділеріндегі беттік активтіліктерін салыстырыңыз:
5. 15оС-та концентрациясы 0,25 моль/л капрон қышқылының (С5Н11СООН) сулы ерітіндісінің адсорбциясының мәнін есептеңіз. ерітіндінің беттік керілуі 35⸱10-3 Н/м, ал судың беттік керілуі 73,4⸱10-3 Н/м-ге тең.
6. Күкірт қышқылы суда ерігендегі адсорбция түрін анықтаңыз, егер 18оС температурада судың беттік керілуі 73,05∙10-3Н/м, ерітіндінің беттік керілуі 75,20∙10-3Н/м, судағы күкірт қышқылының концентрациясы 2,33 моль/л-ге тең болса.
7. Видеодәрістерлі қарап шығу (https://dis.kaznmu.edu.kz/mod/resource/view.php?id=106815) және сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарға жауап беру