Қосымша әдебиеттер: 3. Тюкавкина, Н.А. Биоорганическая химия [Текст]: Учебник / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян.- Москва: ГЭОТАР-Медиа, 2020.- С.93-121, 143-144, 149-152, 327-329.
Электрондық ресурстар: 1. Химия кафедрасының дәрістері https://www.youtube.com/channel/UCLWHAMhQU25OnnIjbSy3Baw?view_as=subscriber
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар: 1. Карбонил тобының құрылысы. Радикалдағы орынбасушылардың карбонилды қосылыстардың реакциялық қабілетіне әсері.
2. Альдегидтер мен кетондардың нуклеофильді қосып алу (АN) реакциялары: 1) металл гидридтерімен тотықсыздануы, 2) сумен; 3) спирттермен.
3. Альдолды қосып алу реакциясы (конденсация). Бұл реакцияның биологиялық маңызы.
4. Альдегид тобына сапалық реакциялар.
5. Карбоксил тобының құрылысы және радикалдағы орынбасушылардың қышқыл күштеріне және реакциялық қабілетіне әсері. Карбон қышқылдарындағы молекулааралық сутектік байланыстар.
6. Карбон қышқылдарының нуклеофильді орын басу реакциялары(SN): 1) күрделі эфир (этерификация); күрделі тиоэфирлер түзуі; 2) амидтер түзуі; 3) ангидридтер түзуі.
Қайтымды гидролиз реакциялары. Гидролиз реакциясының биологиялық рөлі.
7. Ацилфосфаттар, ацетилкофермент А – табиғи макроэргті ацилдеуші реагенттер. Ацилдеу реакциясының биологиялық рөлі. Фосфорлау реакциясы.
8. Дикарбон қышқылдарының қасиеттері: декарбоксилдеу және циклды ангидридтер түзу реакциялары. Декарбоксилдеу – биогенді аминдер мен биорегуляторлардың түзілуінің бастамасы.
Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау. Ауызша сұрау, органикалық реакциялар схемалары бойынша тапсырмаларды орындау, жазбаша сұрау.
Сабақты бақылау түрі:баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу)
Жаттығуларды шығару (оқытушының талдауы бойынша): 1. Реакцияларды жазыңыз: 1) сірке альдегидінің, ацетонның тотықсыздану ракцияларын; 2) этанальдың мыс (II) гидроксидімен тотығу реакциясын, қыздырғанда; 3) бензальдегидтің күміс гидроксидінің аммиактағы ерітіндісімен реакциясын («күміс айна» реакциясы).
2. Этаналь мен трихлорэтанальдың қайсы сумен тұрақты қосылыс түзеді? Реакцияларды жазыңыз.
3. Сірке альдегидінің 1 және 2 молекула этил спиртімен әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Жартылай ацеталь мен ацетальдардың гидролизін көрсетіңіз.
4. Сірке альдегидінің пропион альдегидімен конденсация реакциясын жазыңыз.
5. Келесі қышқылдарды қышқылдығының артуы бойынша орналастырыңыз және салыстырыңыз: сірке, құмырсқа, пропион, қымыздық қышқылдары. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
6. Түзілу реакцияларын жазыңыз: 1) малон қышқылының этил эфирінің; 2) сірке қышқылы + Н3РО4; 3) сірке қышқылы + НSКоА; 4) метиламинмен сірке қышқылының амидінің.
7. 1) сірке; 2) глутар қышқылдарының ангидридінің 3) аралас ангидрид ацетилфосфаттың түзілу реакцияларын жазыңыз.
8. Қымыздық қышқылы мен малон қышқылы қыздырғанда декарбоксилденеді, ал янтар қышқылы ангидрид түзеді. Неге? Түсіндіріңіз. Реакцияларын жазыңыз.
9. Реакция теңдеуін жазыңыз:
1) этилацетаттың қышқылдық гидролизін
2) N-этилацетамидтің сілтілік гидролизін
Реакция өнімдерін атаңыз.
Келесі схема бойынша реакцияларды жазыңыз: