Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет28/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
ОСӨЖ үшін тапсырмалар:
1. Берілген қосылыстарды жүйелік орынбасушы ИЮПАК номенклатурасы бойынша атаңыз

Формула

Тривиалды атауы



Жүйелік атауы

Н2С=О







СН3СН=О







СН3С(О)СН3







НСООН







НООС-СООН







НООС-СН2-СН2-СООН







НООС-СН=СН-СООН







  1. Келесі қышқылдарды қышқылдығының артуы бойынша орналастырыңыз және салыстырыңыз. Үшхлорсірке, сірке, құмырсқа, монохлорсірке қышқылдары. Жауабын түсіндіріңіз.

  1. Келесі реакцияларды аяқтап жазыңыз және түзілген өнімдерді атаңыздар

  1. CH3C(O)CH3  

  2. Н2С=О + Н2О  

  3. CH3СН2CH=О + 2СН3 ОН  

  4. Н2С=О + CH3CH=О 

  5. Н2С=О + [Ag(NH3)2]OH  

  6. CH3SH + CH3COOH 

  7. CH3COOH + NH3  

  8. CH3COOH + CH3COOH  

  9. НООС СН2 СООН  

  10.  

  11.  

  1. Келесі схема бойынша реакцияларды жазыңыз:


Өнімдерді атаңыз.

  1. Видеодәрістерлі қарап шығу (https://www.youtube.com/watch?v=yHB4NHB8jfU ) және сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарға жауап беру



ОСӨЖ-ді бақылау: кеңес беру кезеңінде кері байланыс түрінде


СӨЖ үшін тапсырмалар: Ацилдеу, гидролиз және конденсация реакцияларына анықтама беріңіз (жауап үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) беріледі). Осы реакциялардың биологиялық рөлін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.


СӨЖ-ді бақылау: сұрақтар тақырып бойынша білімді ағымдағы бағалау, аралық бақылау тапсырмаларына енгізілген.
11 сабақ


Аминқышқылдары. α-аминқышқылдарының биологиялық маңызды қасиеттері. Пептидтер. Нәруыз молекулаларының құрылымы және қасиеттері.
Биополимер ерітінділері.


Сабақтың қорытындысы бойынша студент қабілетті болады:
- аминқышқылдарының химиялық қасиеттерін гетерофункционалды қосылыстар ретінде талдай білуге;
-ақуыз молекуласын, аминқышқылдарын ажыру және талдау үшін сапалық реакцияларды қолдана білуге;
- биополимер ерітінділерінің қасиеттерін сипаттай білуге;
- ақуыз ерітінділерінің тұрақтылығының бұзылуымен жүретін үрдістерді сипаттай білуге;
- ақуыздың изоэлектрлік нүктесін және ақуыз қоспаларын бөлу үшін электрофорез әдісінің шарттарын қолдана білуге.


Әдебиеттер, соның ішінде электрондық ресурстар
Негізгі:
1. Мырзакожа Д.А. Химия бойынша нұсқаулық. Оқулық.-Алматы, «Medet group», 2021.–467-498 б.
2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 231-253, 345-353 б.
Қосымша әдебиеттер:
3. Тюкавкина, Н.А. Биоорганическая химия [Текст]: Учебник / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян.- Москва: ГЭОТАР-Медиа, 2020.- С. 226-250, 342-351.
Электрондық ресурстар:
1. Химия кафедрасының дәрістері https://www.youtube.com/channel/UCLWHAMhQU25OnnIjbSy3Baw?view_as=subscriber


Сабаққа дайындалу үшін сұрақтар:

  1. Оптикалық изомерия. Асимметриялық көміртегі атомы. Оптикалық активтілік. Бір немесе бірнеше хиральды орталықтары бар стереоизомерлер. D және L қатары. Табиғи L-қатары аминқышқылдары.

  2. α-аминқышқылдарының жіктелуі: 1) полярлы (ионогенді және ионогенді емес) және полярсыз; 2) қышқылдық, негіздік және бейтарап; 3) алмастырылатын және алмастырылмайтын.

  3. Тірі ағзадағы 20 α-аминқышқылдарының құрылысы мен номенклатурасы.

  4. α-аминқышқылдарының қышқылдық-негіздік (амфотерлік) қасиеттері. Биполярлы ионның (цвиттер-ион) түзілуі.

  5. Аминқышқылдарының гетерофукционалды қосылыстар ретіндегі химиялық қасиеттері.

-СООН тобы бойынша реакциялар;
-SH тобы бойынша реакциялар;
-NH2 тобы бойынша реакциялар;
-ОН тобы бойынша реакциялар.

  1. Пептидтердің түзілуі. Номенклатурасы. Пептид тобының электрондық және кеңістіктік құрылысы. Пептидтердің қышқылдық және сілтілік гидролизі. Глутатион γ-Глу-Цис-Гли трипептиді. Маңызы.

  2. Аминқышқылдарының радикалдарының кеңістікте бүйірімен жақындасуы нәтижесінде түзілетін байланыс түрлері: гидрофобты, иондық, сутектік, дисульфидтік.

  3. Ақуыздарға, α-аминқышқылдарына сапалық реакциялар: ксантопротеин, нингидрин, биурет.

  4. Тірі ағзаның биополимерлері. Ақуыздардың адам өміріндегі маңызы. Қанның онкотикалық қысымы және оның биологиялық маңызы. Полиамфолиттер- ақуыздар. Ақуыздың изоэлектрлік нүктесі және оны анықтау тәсілдері. рН–тың қандай мәнінде ақуыз қабысқан қышқыл және қабысқан негіз секілді болады? Электрофорез пептидтер мен ақуыздарды бөлу әдісі ретінде. Ақуыз молекуласының зарядын қалай анықтауға болады?

  5. ЖМҚ ерітінділерінің тұрақтылығы. Биополимер ерітінділерінің тұрақтылығын бұзатын факторлар: денатурация, тиксотропия, синерезис, тұзсыздану, коацервация. Сірнелену, тиксотропия процестерінің және синерезистің медико-биологиялық маңызы.

  6. Ақуыздар денатурациясы. Денатурациямен қоса жүретін процестер;денатурацияға әсер ететін физикалық және химиялық факторлар; Физиология және медицина тәжірибесіндегі денатурация процесінің маңызы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет