Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет29/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
КАЗ Метод указания ОМ 2023 24 Химия 1 курс

Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау. Ауызша сұрау, органикалық реакциялар схемалары бойынша тапсырмаларды орындау, жазбаша сұрау.
Сабақты бақылау түрі: баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу)


Шығаруға арналған жаттығулар (оқытушының қалауы бойынша):

  1. Аланин және аспарагин қышқылы мысалында түзілу реакцияларын жазыңызя: 1)–NH2 және –COOH топтары бойынша тұздардың түзілуі; 2) биполярлы ионның (цвиттер-ион)түзілуі. Осы аминқышқылдарының қышқылдық-негіздік қасиеттері.

  2. Аспарагин қышқылының дезаминдеу реакциясын жазыңыз: 1) гидролиттік дезаминдеу; 2) тотықпай жүретін дезаминдеу; 3) тотыға жүретін дезаминдеу; 4) азотты қышқыл арқылы.

  3. Глутамин қышқылы үшін жазыңыз: 1) амид түзу; 2) -ациль туындыларының түзілуін (ацилдеу) реакцияларын.

  4. Реакцияларды жазыңыз: 1) гистидиннің декарбоксилденуі; 2) треониннің фосфор қышқылымен этерификациясы; 3) треониннің тотығуы; 4) цистеиннің жұмсақ тотығуы; 5) цистеиннің қатаң тотығуы және алынған өнімнің декарбоксилдену реакциясы.

  5. 1) Цис-Вал-Асп; 2) Гли-Про-Лиз трипептидтерінің түзілу реакциясы. Трипептидтердің қышқылдық-негіздік ортасын анықтаңдар.

  6. Бас миындағы нейропептидтің құрылысын- Leu-энкефалиннің көрсетілген амин қышқылдық жүйелілікпен Tyr-Gly-Gly-Phe-Leu көрсетіңдер.Тұз қышқылының қатысымен осы пептид гидролизге ұшырағанда қандай өнімдер түзіледі?

  7. Трипептид глутатион (-Глу-Цис-Гли) түзілуі. Биологиялық маңызы.

  8. Кеңістікте бүйірімен жақындасқанда қандай байланыс түрі түзіледі: 1) лизин мен аспарагин қышқылы; 2) фенилаланин мен валин; 3) тирозин мен аспарагин қышқылы? Келтірілген аминқышқылдары арасындағы түзілген байланыстарды көрсетіңіздер.

  9. Метионин (2-амино-4-метилтиобутан қышқылы) қай түрінде басым кездеседі: 1) биполярлы ион түрінде; 2) рН=3 тең ерітіндіде еріген күйінде; метиониннің изоэлектрлік нүктесі - 5,8. Сәйкес формулаларын жазыңыз.

  10. ИЭН 4,8 және 7,9 тең фермент қоспаларын бөлу үшін рН-тың қандай мәндері сәйкес келеді? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  11. рН=8,6 тең буферлік ерітіндідегі β-лактоглобулиннің электрофорез кезіндегі қозғалу бағытын анықтаңыз, егер рН=5,2 болғанда ақуыз стартта қалатын болса. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  12. *Неге глутамин қышқылының ұнтағын ішкеннен кейін ауызды натрий гидрокарбонатының сұйық ерітіндісімен (рН~8) шаю қажет, егер глутамин қышқылының изоэлектрлік нүктесі 3,2 ге тең болса?

13. *Таза сумен салыстырғанда сутек ионының концентрациясы 100 есе төмен ерітіндіге бұлшық ет миозині батырылған.Осы ерітіндідегі ақуыз молекуласы зарядын анықтаңыз. рI=5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет