Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет39/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау, органикалық реакциялар схемалары бойынша тапсырмаларды орындау, жазбаша сұрау.


Сабақты бақылау түрі: баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу).


Шығаруға арналған жаттығулар (оқытушының қалауы бойынша):

  1. Пиррол, имидазол, пиридин, пиримидин, пуриннің ароматтылық сипаты қандай құрылымдық ерекшелігіне байланысты?

  2. Электрофильді орын басу реакцияларын жазыңыз: 1) пирролды иодтау; 2) пиридинді сульфирлеу, нитрлеу. Реакция өнімдерін атаңыз.

  3. Имидазолды мысал ретінде пайдаланып, молекулааралық сутектік байланыстың түзілуін көрсетіңіз.

  4. Пиролдың, пиридиннің қышқылдық-негіздік сипаты. Имидазолдың, пиразолдың амфотерлік қасиеттері. Реакцияларды жазыңыз: 1) пирролдың натрий амидімен; 2) пиридиннің хлорсутек қышқылымен. Осы реакцияларда пиррол мен пиридин қандай қасиет көрсетеді?

  5. Пиррол мен пиридиннің тотықсыздану реакцияларының ерекшеліктері. Реакция теңдеулерін жазыңыз және түзілген өнімдерді атаңыз.

  6. Келесі өзгеріс схемасын келтіріңіз: никотинникотин қышқылы никотинамид. Никотин қышқылы мен оның амиді қандай дәрумендер тобына жатады? Әр реакция түрін анықтаңыз. β-метилпиридиннен никотин қышқылын алуға болады ма?

  7. Подаграның қабынуы буындарда зәр қышқылының мононатрий тұзының түзілуіне алып келеді. Зәр қышқылы натрий тұздарын түзуге қай таутомерлік түрде қатысады? Зәр қышқылының натрий гидроксидімен қышқыл және орта тұздар түзуін жазыңыз.

  8. Никотин темекі жапырағында органикалық қышқылдардың тұздары түрінде болады. Никотиннің лимон қышқылымен тұзтүзу реакциясын жазыңыз. Тұз түзуге никотин молекуласының қай негізгі орталығы қатысады және негіздік қасиеті басым болады?

  9. 1) Урацилдің, гипоксантиннің лактам-лактим таутомерлену түрлерін; 2) ксантиннің, адениннің прототропты таутомерлену түрлерін жазыңыз. Нуклеотид түзуге пиримидиндік және пуриндік негіздердің қандай таутомерлік түрі қатысады және неліктен?

  10. 5-тимидил (дТМФ) және 5-гуанил (ГМФ) қышқылдарының түзілу реакциялары.

  11. Аденозин-5-фосфаттың (АМФ), АДФ, АТФ түзілу реакциялары. Макроэргтік байланыс. Маңызы.

  12. цГМФ-тің (гуанозин-3, 5 –циклофосфат) түзілу реакциясы. Маңызы.

  13. *Полинуклееотидтік тізбекте нуклеотидтердің байланысуын көрсетіңіз. Мысалы, дАМФ-тың (дезоксиаденозин-5-фосфат) дЦМФ-пен (дезоксицитидин-5-фосфат). ДНҚ спиралінде цитозин қай нуклеиндік негізбен комплементарлық жұп түзеді? Қанша сутектік байланыс түзілуі мүмкін?

  14. *Қай екі комплементарлық жұп – УМФ және АМФ немесе ТМФ және дАМФ ДНҚ құрамына кіреді? Сол жұптың құрылысын және сутектік байланыстарын көрсетіңіз. Қандай атомдар арасында сутектік байланыс түзіледі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет