Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет42/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Сабаққа дайындалу үшін сұрақтар:

  1. Гетерофункционалды қосылыстар зат алмасуға қатысатын және зат алмасуда түзілетін қосылыстар ретінде. Метаболиттер мен интермедиаторлар ретіндегі биологиялық маңызы. Катаболизм және анаболизм.

  2. Аминоспирттер: этаноламин, холин, ацетилхолин, олардың нейромедиаторлар ретіндегі биологиялық маңызы.

  3. Аминофенолдар. Дофамин, норадреналин, адреналин – биогенді аминдер, гормондер ретіндегі биологиялық маңызы.

  4. Гидроксиқышқылдар: гликоль, сүт, алма, шарап және лимон қышқылдары.

  5. Альдегидо- және и кетоқышқылдары (оксоқышқылдар): глиоксил, пирожүзім, ацетосірке, қымыздықсірке, α- кетоглутар қышқылдары. Ацетосірке эфирі мысалында кето-енолды таутомерия.

7. Бензол қатарындағы гетерофункционалды қосылыстар дәрілік препараттар ретінде: 1) фенолқышқылдары: салицил, ацетилсалицил, пара-аминосалицил қышқылдары; 2) пара-аминобензой қышқылы (ПАБҚ) және оның туындылары анестезин (ПАБҚ этил эфирі) және новокаин (ПАБҚ 2-диэтиламиноэтил эфирі); пара-аминофенол және оның туындысы парацетамол (п-ацетамидофенол).


Аралық бақылауға дайындалу үшін:
Барлық өткен тақырыптар бойынша сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарды, ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын қайталау.


Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау, ауызша/жазбаша сұрау.


Сабақты бақылау түрі: Аралық бақылау. Баға – суммативті (жазбаша түрде, теориялық сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау, есептерді/кейстерді шығару негізінде бағаланады)


Шығаруға арналған жаттығулар (оқытушының қалауы бойынша):
1. Келесі қосылыстар берілген:
1) 2) 3)
Келтірілген қосылыстардың қай функционалды тобы 1) натрий гидроксидімен 2) тұз қышқылымен тұздар түзеді? Осы қышқылдардың қайсысын суықта мыс (II) гидроксидімен әрекеттеседі, түсіндіріңіз? Осы қосылыстардың тұз түзу реакциясын жазыңыз. Қай қосылыс темір (III) хлоридімен әрекеттеседі?

  1. Схема бойынша реакцияларын жазыңыз: этаноламинхолинацетилхолин. Осы реакцияның типін анықтаңыз.

  2. Реакцияларды жазыңыз: 1) сүт қышқылының НАД+-пен тотығуы; 2) қымыздық-сірке қышқылының НАДН2-мен тотықсыздануы. Алынған өнімдерді атаңыз.

  3. 2-оксопентанди (-кетоглутар) қышқылының қай карбоксил тобы оңай декарбоксилденеді, неге? Осы реакцияны жазыңыз және түзілген өнімді атаңыз.

  4. Ацетосірке қышқылының (3-оксобутан қышқылы) этил эфирінің кето-енолды таутомериясы. Ацетосірке қышқылының қай таутомерлік түрі бром суымен әрекеттеседі? Реакция теңдеуін жазыңыз.

  5. *Биохимиялық айналымдар схемасы берілген («кетон денелері»): β-гидроксимай қышқылы   β-оксомай қышқылы   ацетон. Сәйкес реакцияларды жазыңыз және 1, 2 реакциялар типін анықтаңыз.

  6. *Қымыздықсірке қышқылының(оксобутанди) және ацетилкофермент А-ның альдолдық конденсациялану реакцияларын жазыңыз.

  7. *Келесі өзгерістердің реакцияларын жазыңыз: фумар қышқылы (бутенди қышқылы)алма қышқылы (гидроксибутанди қышқылы)қымыздықсірке қышқылы (оксобутанди)  . Реагенттерді анықтаңыз .

  8. Салицил қышқылы туындыларының түзілу реакцияларын жазыңыз: метилсалицилат, натрий салицилаты, фенилсалицилат, ацетилсалицил қышқылы. Бұл реакцияларды жүзеге асыру үшін қандай реагенттер қолданылады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет