Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет38/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
ОСӨЖ-ді бақылау: кеңес беру кезеңінде кері байланыс түрінде


СӨЖ үшін тапсырмалар: Көмірсулардың жіктелуі (жауап үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) беріледі).


СӨЖ-ді бақылау: сұрақтар тақырып бойынша білімді ағымдағы бағалау, аралық бақылау тапсырмаларына енгізілген.
14 сабақ


Гетероциклды қосылыстар. Нуклеозидтер, нуклеотидтер. Нуклеин қышқылдары

Сабақтың қорытындысы бойынша студент қабілетті болады:


- гетероциклды қосылыстар құрылысын реакциялық қабілеттіліктерімен байланыстыра білуге;
- гетероциклды қосылыстар мен олардың туындыларының биологиялық маңысын сипаттай білуге;
- гетероциклды қосылыстардың қышқылдық-негіздік қасиеттерін, тотығу-тотықсыздану, электрофильді орынбасу реакцияларын сипаттай білуге;
- гетероциклды қосыылыстадың таутомерлік түрлерін жааза білугей;
- нуклеозидтердің, нуклеотидтердің және нуклеин қышқылдарының құрылысын жаза білуге.


Әдебиеттер, соның ішінде электрондық ресурстар
Негізгі:
1. Мырзакожа Д.А. Химия бойынша нұсқаулық. Оқулық.-Алматы, «Medet group», 2021.–378-387, 445-456, 512-539 б.
2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 255-275; 278-291; 354-355, 359-362 б.
Қосымша әдебиеттер:
3. Тюкавкина, Н.А. Биоорганическая химия [Текст]: Учебник / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян.- Москва: ГЭОТАР-Медиа, 2020.- С.251-271, 274-287, 292-297, 351-352, 356-359.
Электрондық ресурстар:
1. Химия кафедрасының дәрістері https://www.youtube.com/channel/UCLWHAMhQU25OnnIjbSy3Baw?view_as=subscriber


Сабаққа дайындалу үшін сұрақтар:

  1. Гетероциклдер, анықтамасы, жіктелуі (гетероатомның табиғаты бойынша; гетероатомдар саны бойынша; циклдің пішіні бойынша; қанықпау дәрежесі бойынша).

  2. Биологиялық маңызды гетероциклды қосылыстардың: пиррол, имидазол, пиразол, пиридин, пиримидин, индол, пурин ароматтылық қасиеттерін сипаттаңыз. Хюккельдің ароматтылық ережесі.

  3. Пиролдың, пиридиннің электрофильді орын басу реакциялары. Электрофильді орын басу реакцияларындағы пирролдың ацидофобтылығы.

  4. Пиррол мен пиридиннің қышқылдық-негіздік сипаты. Имидазол және пиразолдың амфотерлік қасиеттері.

  5. Пиррол және пиридиннің тотықсыздану реакциялары. Порфиннің құрылысы туралы түсінік.

  6. β-метилпиридин және никотиннен никотин қышқылы және оның амидін синтездеу жолдары. Никотин қышқылы және оның амиді (В3 дәрумені) кофермент НАД+ және НАДФ құрылымдық бірлігі ретінде. Маңызы.

  7. Пуриннің гидрокситуындылары: гипоксантин, ксантин, зәр қышқылы. Құрылысы. Прототропты таутомериясы. Лактим-лактам таутомериясы. Зәр қышқылының тұздары. Тұз түзу реакциясына қандай қышқылдық орталықтар қатысады?

  8. Алкалоидтар, анықтамасы. Алкалоидтардың физиологиялық әсері. Никотин, құрылысы, қасиеттері. Никотиннің органикалық қышқылдармен тұздар түзуі. Ксантиннің метилденген туындысы – кофеин, құрылысы, маңызы.

  9. Пиримидиндік негіздер: урацил, тимин, цитозин. Пуриндік негіздер: аденин, гуанин. Лактам-лактимдік таутомериялары.

  10. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. Нуклеозидмонофосфат, -дифосфат, -трифосфаттардық құрылысы. Номенклатурасы. Макроэргтік байланыс. Нуклеотидтердің циклды туындылары цАМФ және цГМФ. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы. Маңызы.

  11. Нуклеин қышқылдары. Құрылысының жалпы схемасы. Маңызы. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымы туралы түсінік: РНҚ, ДНҚ. Полинуклеотид тізбегіндегі нуклеотид қалдықтары арасындағы байланыс сипаты. ДНҚ биологиялық қызметіндегі комплементарлық байланыс рөлі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет