Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Тапаева Ж. Т. оқытушы, магистр



бет22/50
Дата21.10.2023
өлшемі3,91 Mb.
#120471
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. Басқару мазмұнының функционалдық, жүйелік, ситуациалық, оңтайландыру және зерттеушілік сипаттары қандай?
2. Басқарушы жүйе құрылымының деңгейлерін ата?
3. Педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттерін атаңыз.

21-22 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде


Дәріс мазмұны:

  1. Педагогикалық ұжым – білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде.

  2. Білім берудің жаңа мазмұнын жүзеге асыратын басқарушының басты менеджерлік құзыреттіліктері.

Педагогикалық ұжым – дамудың нақты заңдылығымен әрекет ететін феномен. Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорындар мен ұйымдардың үздік қызметі тұтынушыларына ұсынатын өнім мен қызметтерінің сапасына негізделеді. Сапа проблемаларын теориялық негіздеудің қажеттілігі Ресейде 1992 жылдың басында ғылыми зерттеудің жаңа саласы – квалиметрияның пайда болуына әкелді, оның басында Н.А.Селезнева, А.И.Субетто, Ю.Г.Татур сияқты ғалымдар тұрды. Заманауи педагогикалық әдебиетте «білім сапасы» термині әртүрлі түсіндіріледі



Кесте 4 «Білім сапасы» ұғымының мәні
Мектеп басшысының міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыруды, басқару дәстүрін сабақтастыруды, барлық қызмет түрлерін процестік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдауды және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдау. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды. Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесі енгізілуде. Білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. ҚР «Білім туралы» Заңының «Педагогикалық қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» деген 51-бабына сәйкес педагогикалық қызметкер білім беру ұйымы басқаруының ұжымдық органдарының жұмысына, бірінші кезекте, мектептің педагогикалық кеңесінің, ЖОО-ның ғылыми кеңесінің жұмысына және т.б. қатысуға құқылы. Педагогикалық процесті басқару басқарушылар мен бағынушылардың өзара өзгеру, өзара әрекет етуші субъектілердің және осы өзара әрекет ету процесінің өзгеруі ретінде түсіндіріледі. Ғалым Ю.К.Бабанский басқару байланыстарын жүйенің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін, негізгі жүйе құрушы байланыстары ретінде қарастырды. Басқару функцияларының нақтылығы, басқару байланыстарының сипаты бірқатар параметрлерге байланысты. Бірінші кезекте, білім алушылардың жасына байланысты: кіші сыныптардан жоғары сыныптарға қарай педагогтер тарапынан оқушылардың қызметімен басқарудың тікелей нысандарынан неғұрлым жанама түрлеріне көшуі қатар оқушылардың дайындалғандық деңгейіне байланысты, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу кезінде, үлгерімі жақсы оқушыларға деген көзқараспен салыстырғанда, олар тым мықты, қарқынды болатыны орынды.
Педагогтің педагогикалық процесті басқару бойынша қызметін жүргізуге дайындығы тек білімнің болуында және ұсынылған ептіліктердің қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар, педагогтің осы қызметі оқушыны педагогтың әсер ету объектісінің ұстанымынан өзінің оқыту субъектісінің ұстанымына ауыстыруына бағыттауына болатыны көрсетілген В.П.Панасюк, білім беру қызметтері тұтынушыларының әртүрлі топтарын қарастыра отырып, оқушылар – білім беру қызметінің белсенді қатысушылары (мұғалімдермен қатар) екенін көрсетті. Білім алушының белсенділігі тәжірибеден тәуелсіз оқу-тәрбие процесінде жүргізілетін басқарудың маңызды құрауышы екені оқу қызметін және оны құрайтын оқу әрекеттерін талдау арқылы ашылады. Белгілі психолог П.Я.Гальперин әрекет құрылымын аша отырып, оны атқаратын функциялары бойынша шамалы, атқарушы және бақылау деген үш бөлікке бөледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет